https://sputnik.kz/20260823/-zhogary-dengeyde-otetinin-bilemiz-uqshu-pa-baqylaushysy-qazaqstandagy-dauys-beru-turaly-65955420.html
"Жоғары деңгейде өтетінін білеміз": ҰҚШҰ ПА бақылаушысы Қазақстандағы дауыс беру туралы
"Жоғары деңгейде өтетінін білеміз": ҰҚШҰ ПА бақылаушысы Қазақстандағы дауыс беру туралы
Sputnik Қазақстан
Мен елдегі барлық дауыс беру учаскесі бұл процеске толығымен дайын екеніне сенімдімін, деді бақылаушы 23.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-23T08:07+0500
2026-08-23T08:07+0500
2026-08-23T08:09+0500
видео
сайлау
құрылтай
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65948680_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_6cc8e0cf9dc61e38c82192c75f459db2.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы бақылаушылар тобының төрағасы Андрей Картаполов Қазақстандағы Құрылтай сайлауына алдын ала баға берді.Төрағаның айтуынша, бұл олардың Қазақстандағы сайлауды бірінші рет бақылауы емес.Ол дәстүрлі түрде бақылау жұмыстарын "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрындағы сайлау учаскесінен бастайтындарын айтты."Кеше және арғы күні біз Құрылтайға ұсынылған партиялардың өкілдерімен, Орталық сайлау комиссиясының өкілдерімен кездестік. Олардың ой-пікірлері мен бағалауларын тыңдап қайттық. Қазір театрдағы сайлау учаскесі дауыс беруге толық дайын екенін көріп отырмыз. Мен елдегі барлық дауыс беру учаскесі бұл процеске толығымен дайын екеніне сенімдімін", - деді ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы бақылаушылар тобының төрағасы.
https://sputnik.kz/20260823/quryltay-saylauy-koreya-men-zhaponiyadagy-qazaqstandyqtar-algashqy-bolyp-dauys-berdi-65954298.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65948680_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_fe6601f38f6c35d4e8dd6c816c32931f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау, құрылтай
"Жоғары деңгейде өтетінін білеміз": ҰҚШҰ ПА бақылаушысы Қазақстандағы дауыс беру туралы
08:07 23.08.2026 (жаңартылды: 08:09 23.08.2026) Мен елдегі барлық дауыс беру учаскесі бұл процеске толығымен дайын екеніне сенімдімін, деді бақылаушы
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы бақылаушылар тобының төрағасы Андрей Картаполов Қазақстандағы Құрылтай сайлауына алдын ала баға берді.
Төрағаның айтуынша, бұл олардың Қазақстандағы сайлауды бірінші рет бақылауы емес.
"Бұл біздің Қазақстандағы сайлауды бірінші рет бақылауымыз емес, бірінші жылымыз да емес. Біздің комиссия ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан қатысады және біз сайлау әрқашан өте жоғары деңгейде өтетінін білеміз", - деді Андрей Картаполов.
Ол дәстүрлі түрде бақылау жұмыстарын "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрындағы сайлау учаскесінен бастайтындарын айтты.
"Кеше және арғы күні біз Құрылтайға ұсынылған партиялардың өкілдерімен, Орталық сайлау комиссиясының өкілдерімен кездестік. Олардың ой-пікірлері мен бағалауларын тыңдап қайттық. Қазір театрдағы сайлау учаскесі дауыс беруге толық дайын екенін көріп отырмыз. Мен елдегі барлық дауыс беру учаскесі бұл процеске толығымен дайын екеніне сенімдімін", - деді ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы бақылаушылар тобының төрағасы.