СҚО-да 30 шақырымы жаңартылған автожол пайдалануға берілді

© Photo : Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаСҚО-да 30 шақырымы жаңартылған автожол пайдалануға берілді
СҚО-да 30 шақырымы жаңартылған  автожол пайдалануға берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2026
Жазылу
2015 жылы бұл учаскедегі орташа тәуліктік қозғалыс қарқындылығы 2 793 автокөлікті құраса, бүгінде тәулігіне орта есеппен 5 034 көлік өтеді
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Республикалық маңызы бар "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автомобиль жолының қайта жаңартылған 30,2 шақырымдық учаскесінде негізгі құрылыс жұмыстарын аяқталып, көлік қозғалысы ашылды.
Қайта жаңарту жұмыстары жолдың 465–496 шақырымдары аралығында жүргізілді. II техникалық санаттағы бұл жол Солтүстік Қазақстан облысының маңызды көлік бағыттарының бірі саналады.
© Photo : Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаСҚО-да 30 шақырымы жаңартылған автожол пайдалануға берілді
В СКО открыто движение по 30 км реконструированной дороги Астана – Кокшетау – Петропавловск – граница РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2026
СҚО-да 30 шақырымы жаңартылған автожол пайдалануға берілді
"Ол өңірішілік қатынасты қамтамасыз етумен қатар, халықаралық транзиттік тасымалда маңызды рөл атқарады. Аталған автожол Қазақстан мен Ресей Федерациясын байланыстыратын маңызды транзиттік бағыттардың бірі. Ол екі елдің өнеркәсіптік орталықтары арасындағы жүк және жолаушылар тасымалын қамтамасыз етеді", - дейді "ҚазАвтоЖол".
2015 жылы бұл учаскедегі орташа тәуліктік қозғалыс қарқындылығы 2 793 автокөлікті құраса, бүгінде тәулігіне орта есеппен 5 034 көлік өтеді. Яғни көлік ағыны 80%-дан астам өскен.
© Photo : Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаСҚО-да 30 шақырымы жаңартылған автожол пайдалануға берілді
В СКО открыто движение по 30 км реконструированной дороги Астана – Кокшетау – Петропавловск – граница РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2026
СҚО-да 30 шақырымы жаңартылған автожол пайдалануға берілді
"Мұнда асфальттың үстіңгі қабатын ауыстырумен ғана шектелген жоқпыз. Қайта жаңарту аясында жол құрылымы толығымен дерлік жаңартылып, негізі күшейтілді, су өткізу жүйесі мен заманауи қауіпсіздік элементтері орнатылды", – деді "ҚазАвтоЖол" Басқарма төрағасы Дархан Иманашев.
© Photo : Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаСҚО-да 30 шақырымы жаңартылған автожол пайдалануға берілді
В СКО открыто движение по 30 км реконструированной дороги Астана – Кокшетау – Петропавловск – граница РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2026
СҚО-да 30 шақырымы жаңартылған автожол пайдалануға берілді
Жобаны іске асыруға 138 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 153 маман жұмылдырылды. Асфальтбетон қоспасын өндіру қуаттылығы сағатына 160 тонна болатын асфальтбетон зауытымен қамтамасыз етілді.
Аптап ыстыққа байланысты үш облыста температуралық деформациялар толық жойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Үш облыста аптап ыстықтан көтерілген жол жабыны жөнделді
Жаңалықтар
0