Үш облыста аптап ыстықтан көтерілген жол жабыны жөнделді

© Photo : ҚазавтожолАптап ыстыққа байланысты үш облыста температуралық деформациялар толық жойылды
Аптап ыстыққа байланысты үш облыста температуралық деформациялар толық жойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Жазылу
Аптап ыстық кезінде цементбетон жабынының беткі температурасы +60…+70 °C-қа, ал кейбір учаскелерде одан да жоғары деңгейге дейін қызуы мүмкін
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Қазақстанның жол қызметтері цементбетон жабыны бар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын тәулік бойы бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Қазавтожол.
18 шілдедегі жағдай бойынша жалпы ұзындығы 1 636,5 шақырым жол учаскесіне тұрақты мониторинг жүргізіліп отыр. Жоспарлы тексерулер барысында Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарында цементбетон жабынының жергілікті температуралық деформациясы тіркелген алты учаске дер кезінде анықталған.
© Photo : ҚазавтожолҮш облыста аптап ыстықтан көтерілген жол жабыны жөнделді
Үш облыста аптап ыстықтан көтерілген жол жабыны жөнделді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Үш облыста аптап ыстықтан көтерілген жол жабыны жөнделді
"Әрбір учаскеге жедел түрде жол бригадалары мен арнайы техника жұмылдырылды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 51 жол маманы және қажетті арнайы техника тартылды. Тұрақты патрульдеу мен жедел әрекет етудің нәтижесінде анықталған барлық ақаулар қысқа мерзімде толық жойылып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Аптап ыстық кезінде цементбетон жабынының беткі температурасы +60…+70 °C-қа, ал кейбір учаскелерде одан да жоғары деңгейге дейін қызуы мүмкін.
"Тұрақты патрульдеу температуралық деформация қаупі бар учаскелерді ерте кезеңде анықтап, алдын алу немесе қалпына келтіру жұмыстарын уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде күрделі ақаулардың алдын алып, жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Цементбетон жабыны бар автомобиль жолдарының жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізу жалғасып жатыр.
Түркістан облысында аптап ыстыққа байланысты жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2026
Түркістан облысында аптап ыстықтан жол жабыны көтеріліп кеткен
Жаңалықтар
0