https://sputnik.kz/20260822/aqtos-zhane-murka-ministrlik--elde-uy-zhanuarlaryna-en-zhii-qoyylatyn-esimderdi-atady-65945370.html
"Ақтөс" және "Мурка": министрлік елде үй жануарларына ең жиі қойылатын есімдерді атады
"Ақтөс" және "Мурка": министрлік елде үй жануарларына ең жиі қойылатын есімдерді атады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда "Ақтөс" атын иеленген 8 863 ит бар 22.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-22T17:54+0500
2026-08-22T17:54+0500
2026-08-22T17:54+0500
ит
мысық
танымал есімдер
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52377123_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_960614ca0a1a5515ad0a3a6ca5416714.jpg
АСТАНА, 22 тамыз-Sputnik. Қазақстанда үй жануарларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесі – TAÑBA жұмыс істейді. Жүйе бір дерекқорда үй жануары мен оның иесі туралы негізгі мәліметтерді, сондай-ақ вакцинация, стерилизация және басқа да ветеринариялық рәсімдер туралы ақпаратты біріктіруге мүмкіндік береді.Тізілім деректері Қазақстандағы үй жануарларына ең жиі қойылатын аттардың өзіндік рейтингін де жасауға мүмкіндік береді. Иттер арасында бірінші орында Ақтөс. Бұл атты 8 863 ит иеленген. Одан кейін Шарик – 6 027, Рекс – 5 409, Тузик – 4 243 және Лайка – 4 137. Ең танымал он аттың қатарына сондай-ақ Арлан – 3 012, Мойнақ – 2 382, Алапар – 2 056, Барсик – 2 004 және Барбос – 1 963 енді.Алайда TAÑBA жүйесі тек иттер мен мысықтарды есепке алумен шектелмейді. Мұнда сирек кездесетін үй жануарлары да тіркелген. Цифрлық тізілімде қазірдің өзінде сегіз үй қояны мен төрт күзен, сондай-ақ бір-бірден тасбақа, сәндік егеуқұйрық, шағын тұқымды шошқа, атжалман және капибара бар.Олардың кейбірінің аттары да ерекше. Мәселен, жүйеде Айша есімді тасбақа, Томпи есімді атжалман, Библик есімді шағын тұқымды шошқа, Финик есімді сәндік егеуқұйрық және Борис есімді капибара тіркелген. Үй қояндарының арасында Кембридж, Оксфорд, Рафинад және Снежинка, ал күзендердің арасында Пирожок, Умка, Кипиш және Жижа деген аттар кездеседі.
https://sputnik.kz/20260425/uy-zhanuarlaryn-azaptagandardy-qylmystyq-zhauapqa-tartqan-durys--toqaev-62967027.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52377123_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_59026d1eba21be4f294edc0c19ce3c26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ит, мысық, танымал есімдер
ит, мысық, танымал есімдер
"Ақтөс" және "Мурка": министрлік елде үй жануарларына ең жиі қойылатын есімдерді атады
Қазақстанда "Ақтөс" атын иеленген 8 863 ит бар
АСТАНА, 22 тамыз-Sputnik. Қазақстанда үй жануарларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесі – TAÑBA жұмыс істейді.
Жүйе бір дерекқорда үй жануары мен оның иесі туралы негізгі мәліметтерді, сондай-ақ вакцинация, стерилизация және басқа да ветеринариялық рәсімдер туралы ақпаратты біріктіруге мүмкіндік береді.
"Бүгінде TAÑBA жүйесінде 400 мыңға жуық үй жануары тіркелген. Олардың басым бөлігін иттер мен мысықтар құрайды: жүйеде 291 761 ит және 107 414 мысық есепте тұр", - дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Тізілім деректері Қазақстандағы үй жануарларына ең жиі қойылатын аттардың өзіндік рейтингін де жасауға мүмкіндік береді.
Иттер арасында бірінші орында Ақтөс. Бұл атты 8 863 ит иеленген. Одан кейін Шарик – 6 027, Рекс – 5 409, Тузик – 4 243 және Лайка – 4 137. Ең танымал он аттың қатарына сондай-ақ Арлан – 3 012, Мойнақ – 2 382, Алапар – 2 056, Барсик – 2 004 және Барбос – 1 963 енді.
"Мысықтар арасында ең көп таралған ат – Мурка. Бұл ат 2 236 мысыққа қойылған. Екінші орында Муся – 1 529, үшінші орында Барсик – 1 491. Одан әрі Мурзик (842), Соня (833), Рыжик (721), Симба (698), Алиса (657), сондай-ақ Вася мен Кузя (әрқайсысы 604-тен) орналасқан", - дейді министрлік.
Алайда TAÑBA жүйесі тек иттер мен мысықтарды есепке алумен шектелмейді. Мұнда сирек кездесетін үй жануарлары да тіркелген. Цифрлық тізілімде қазірдің өзінде сегіз үй қояны мен төрт күзен, сондай-ақ бір-бірден тасбақа, сәндік егеуқұйрық, шағын тұқымды шошқа, атжалман және капибара бар.
Олардың кейбірінің аттары да ерекше. Мәселен, жүйеде Айша есімді тасбақа, Томпи есімді атжалман, Библик есімді шағын тұқымды шошқа, Финик есімді сәндік егеуқұйрық және Борис есімді капибара тіркелген. Үй қояндарының арасында Кембридж, Оксфорд, Рафинад және Снежинка, ал күзендердің арасында Пирожок, Умка, Кипиш және Жижа деген аттар кездеседі.