Үй жануарларын азаптағандарды қылмыстық жауапқа тартқан дұрыс – Тоқаев

© AFP 2024 / PHILIPPE HUGUENЭлектронный чип собаки проверяет ветеринар, архивное фото
Электронный чип собаки проверяет ветеринар, архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2026
Жазылу
Президент "Таза Қазақстан" акциясы барысында үй жануарлары мен қаңғыбас иттер мәселесін көтерді
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" бастамасын дамыту аясында жануарларға қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға тоқталды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент "Таза Қазақстан" акциясы барысында үй жануарлары мен қаңғыбас иттер мәселесін көтерді.
Мемлекет басшысының айтуынша, үй жануарларының адамдардан қорлық көруіне жол бермеу керек.
"Үкімет үй жануарларын дұрыс күтіп-баптамағандарға берілетін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып, ал оларға қатыгездік көрсеткендерге кесілетін қылмыстық жазаны күшейтуі керек. Негізі, қаңғыбас иттер проблемасына азаматтардың немқұрайлылығы себеп: яғни олар бастапқыда жануарларға ықыласы ауып асырағанымен, кейіннен көңілдері қалып, керексіз заттай көшеге тастап кетіп жатады. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу қажет. Сондай-ақ ешқандай "хайпқа" жол бермей, мамандандырылған жануарлар орталықтарының қызметіне қоғамдық бақылау қойған жөн. Бұл іске сіздер де үлес қосасыздар деп ойлаймын. Жалпы, қаңғыбас иттерге қамқорлықпен қарау қоғамның арасына сына қақпауға тиіс", деп атап өтті мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, балалар, тіпті, ересектер жабайы иттерден жиі зардап шегуде. Басты мәселе – осы. Үкімет үй жануарларын дұрыс күтіп-баптамағандарға берілетін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып, ал оларға қатыгездік көрсеткендерге кесілетін қылмыстық жазаны күшейтуі керек, дейді президент.
"Сондықтан бұл проблемаға мемлекет пен жұртшылықтың, нақты айтқанда, заң шығару тұрғысынан Парламенттің араласпасына болмайды. Бірақ біз қорғансыз жануарларды жәбірлеген фактілерге де бей-жай қарамауымыз керек, атап айтқанда, үй жануарларын азаптағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартқан дұрыс. Осындай тәсілдер қоршаған ортаға озық әрі жауапты көзқарас қалыптастырады деп ойлаймын. Бұл да "Таза Қазақстан" аясында атқарылуға тиіс істің бірі", – деді президент.
87 собак и 11 кошек обнаружили зооволонтеры на черной передержке в дачном поселке Али - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Қазақстанда бұралқы иттерді аулау тәртібі өзгереді
Жаңалықтар
0