Қазақстанда бұралқы иттерді аулау тәртібі өзгереді

© Sputnik / Тимур Батыршин87 собак и 11 кошек обнаружили зооволонтеры на "черной" передержке в дачном поселке Али
87 собак и 11 кошек обнаружили зооволонтеры на черной передержке в дачном поселке Али - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Мәжіліс бұралқы иттерді аулау тәртібіне енгізілген өзгерістерді қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасының негізгі жаңалығы – бұралқы иттерді қайтарымсыз аулау моделіне көшу.
"Өйткені бүгін мемлекет іс жүзінде мынадай қисынсыз схема бойынша жұмыс істеп отыр. Итті аулайды, стерилизациялайды, вакцинациялайды, содан кейін сол азаматтар шағымданып отырған ортаға қайта жібереді. Яғни, мемлекет өз қолымен ықтимал қауіпті қайтадан қоғамның ортасына қайтарып отыр", - дейді депутат Еділ Жаңбыршин.
Оның айтуынша, қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан бұл тәсіл сын көтермейді. Ал заң жобасы аясында ауланған жануарларды ұстау мерзімі енгізіледі.
"Ең төменгі уақытша ұстау мерзімі – кемінде 5 күн, сонымен бірге мәслихаттарға бұл мерзімді ұзарту құқығы беріледі. Ал иесі болуы мүмкін қараусыз жануарларға 60 күндік мерзім көзделіп отыр",-деп атап өтті депутат.
Мәслихаттар мұндай жануарларға қатысты басқа да шешім шығаруы мүмкін. Олар:
ұзақ уақыт ұстау;
жаңа иелеріне беру;
панажайларда күту;
табиғи өліміне дейін ұстау.
Ал жаңа иелеріне беру бойынша сәйкестендіру, есепке қою, вакцинация мен тиісті күтіп-ұстау сияқты міндетті шарттар сақталуы қажет.
"Яғни заң жобасы "жазалау моделін" емес, жауапты және байыпты модельді ұсынып отыр", - деп атап өтті Жаңбыршин.
Здание Парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Үй жануарына эвтаназия қандай жағдайда жасалады – заң жобасы әзірленді
Жаңалықтар
0