https://sputnik.kz/20260408/uy-zhanuaryna-evtanaziya-qanday-zhagdayda-zhasalady--zan-zhobasy-azirlendi-62488627.html
Үй жануарына эвтаназия қандай жағдайда жасалады – заң жобасы әзірленді
Үй жануарына эвтаназия қандай жағдайда жасалады – заң жобасы әзірленді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Мәжіліс жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға өзгеріс енгізуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 08.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-08T12:16+0500
2026-04-08T12:16+0500
2026-04-08T12:17+0500
үй жануарлары
мәжіліс
заң
https://sputnik.kz/img/20/59/205929_102:0:1019:516_1920x0_80_0_0_8b50d8be271ee81e23b7f9c360bd9e2e.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Мәжіліс жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға өзгеріс енгізуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, мәжілістің бастамасымен маңызды нормалар енгізіліп отыр.Ал егер ондай әрекет салдарынан адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келсе, мұндай жануардың иесі белгіленген тәртіппен эвтаназия жүргізуге міндеттеледі.Бұдан бөлек, уәкілетті органға ұстауға, өсіруге және айналымына тыйым салынған немесе шектеу қойылған жануарлардың тізбесін бекіту құзыреті беріледі."Бұл да маңызды норма. Өйткені мемлекет қайғылы жағдай болғаннан кейін ғана әрекет етпеуге тиіс. Мемлекет алдын ала қандай жануар түрлері жоғары қауіп төндіретінін және қайсысы ерекше құқықтық режимді қажет ететінін анықтауға тиіс", - деп түйіндеді Жаңбыршин.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/20/59/205929_190:0:878:516_1920x0_80_0_0_6da2d84ffc2671645f1708d9d3dfbe48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үй жануарлары, мәжіліс, заң
үй жануарлары, мәжіліс, заң
Үй жануарына эвтаназия қандай жағдайда жасалады – заң жобасы әзірленді
12:16 08.04.2026 (жаңартылды: 12:17 08.04.2026) АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Мәжіліс жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға өзгеріс енгізуге кірісті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, мәжілістің бастамасымен маңызды нормалар енгізіліп отыр.
"Үй жануарларын серуендету талаптарын бұзуға жол берген иесі немесе жауапты тұлға, соның салдарынан: адамның өмірі мен денсаулығына, басқа жануарларға, не өзге тұлғалардың мүлкіне зиян келсе, келтірілген залалды өтеуге міндетті болады", - деді Жаңбыршин мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал егер ондай әрекет салдарынан адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келсе, мұндай жануардың иесі белгіленген тәртіппен эвтаназия жүргізуге міндеттеледі.
Бұдан бөлек, уәкілетті органға ұстауға, өсіруге және айналымына тыйым салынған немесе шектеу қойылған жануарлардың тізбесін бекіту құзыреті беріледі.
"Бұл да маңызды норма. Өйткені мемлекет қайғылы жағдай болғаннан кейін ғана әрекет етпеуге тиіс. Мемлекет алдын ала қандай жануар түрлері жоғары қауіп төндіретінін және қайсысы ерекше құқықтық режимді қажет ететінін анықтауға тиіс", - деп түйіндеді Жаңбыршин.