сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Жетісу тұрғыны сайлау комиссиясын сотқа берді

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание ЦИК Казахстана
Здание ЦИК Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2026
Жазылу
Облыс соты талапты қанағаттандырудан бас тартты
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Жетісу облысының тұрғыны аумақтық сайлау комиссиясын сотқа берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясына барлығы 203 өтініш түскен. Соның басым бөлігі сайлау заңнамасын түсіндіруге қатысты. Ал аумақтық сайлау комиссияларының жұмысы бойынша шағымдар түскен жоқ. Бірақ Жетісу облысының бір азаматы жергілікті комиссияны сотқа берген.
"Азамат Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясына өзін кандидат ретінде тіркеу мәселесі бойынша сотқа жүгінді. Облыс соты талапты қанағаттандырудан бас тартты. Себебі Құрылтай депутаттарына кандидаттарды ұсыну құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі",-деді Жанәбілова комиссияның бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бүгін мәдениет және ақпарат министрлігі сайлауалды үгіт-насихат кезінде анықталған заң бұзушылықтардың санын жариялады.
Заседание Центральной избирательной комиссии - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды
Жаңалықтар
0