https://sputnik.kz/20260821/saylaualdy-ugit-nasikhat-kezinde-qanday-zan-buzushylyqtar-anyqtaldy-65917181.html
Сайлауалды үгіт-насихат кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды
Сайлауалды үгіт-насихат кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды
Sputnik Қазақстан
Заң бұзушылықтардың басым бөлігі қоғамдық пікір мен сауалнама нәтижелерін жариялауға қатысты болды 21.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-21T16:42+0500
2026-08-21T16:42+0500
2026-08-21T16:42+0500
құрылтай сайлауы - 2026
https://sputnik.kz/img/07ea/08/03/65422532_0:173:2560:1613_1920x0_80_0_0_1a1640073603fc576a6741cda27eb3c2.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі сайлауалды үгіт-насихат кезінде анықталған заң бұзушылықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Вице-министр Қанат Ысқақовтың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында партиялар туралы ақпарат тең дәрежеде жарияланады. Ал үгіт-насихат материалдарының көп немесе аз болуы әр партияның қаржылық мүмкіндігіне байланысты. Сондықтан кейбір партиялар БАҚ-қа емес, әлеуметтік желілерге басымдық береді.Сайлауалды науқан басталғалы бері сайлау заңнамасын бұзудың 21 фактісі анықталған.Қалған заң бұзушылықтар үгіт-насихат материалдарын дұрыс таңбаламауға немесе мүлде таңбасыз жариялауға байланысты болған.Дегенмен 2023 жылғы парламенттік сайлау алдындағы үгіт-насихатпен салыстырғанда заң бұзушылықтардың саны айтарлықтай төмендеген. Ол кезде 151 факт анықталған. Министрлік осы жолы заң бұзушылықтардың азаюын БАҚ-тың кәсіби деңгейінің өсуімен және "Заң мен Тәртіп" қағидатының сақталуымен байланыстырып отыр.
https://sputnik.kz/20260821/saylau-zannamasyn-buzudyn-8-faktisi-tirkeldi---bas-prokurtura-65904865.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/03/65422532_307:0:2560:1690_1920x0_80_0_0_1f650d81cadd6b4199da04eac1ec213a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Сайлауалды үгіт-насихат кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды
Заң бұзушылықтардың басым бөлігі қоғамдық пікір мен сауалнама нәтижелерін жариялауға қатысты болды
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі сайлауалды үгіт-насихат кезінде анықталған заң бұзушылықтардың санын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Қанат Ысқақовтың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында партиялар туралы ақпарат тең дәрежеде жарияланады. Ал үгіт-насихат материалдарының көп немесе аз болуы әр партияның қаржылық мүмкіндігіне байланысты. Сондықтан кейбір партиялар БАҚ-қа емес, әлеуметтік желілерге басымдық береді.
Сайлауалды науқан басталғалы бері сайлау заңнамасын бұзудың 21 фактісі анықталған.
"Заң бұзушылықтардың басым бөлігі қоғамдық пікір мен сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынған кезеңде осындай материалдарды орналастыруға байланысты болды. Яғни, біз әлеуметтік сауалнамаларды әлі де дұрыс жүргізіп отырған жоқпыз", — деді Ысқақов ОСК-ның бүгінгі отырысында.
Қалған заң бұзушылықтар үгіт-насихат материалдарын дұрыс таңбаламауға немесе мүлде таңбасыз жариялауға байланысты болған.
Дегенмен 2023 жылғы парламенттік сайлау алдындағы үгіт-насихатпен салыстырғанда заң бұзушылықтардың саны айтарлықтай төмендеген. Ол кезде 151 факт анықталған. Министрлік осы жолы заң бұзушылықтардың азаюын БАҚ-тың кәсіби деңгейінің өсуімен және "Заң мен Тәртіп" қағидатының сақталуымен байланыстырып отыр.