https://sputnik.kz/20260821/ulyna-barin-aytqan-almatyda-er-adam-65-zhastagy-enesin-zorlady-degen-kudikke-ilindi-65925483.html
"Ұлына бәрін айтқан": Алматыда ер адам 65 жастағы енесін зорлады деген күдікке ілінді
"Ұлына бәрін айтқан": Алматыда ер адам 65 жастағы енесін зорлады деген күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта жәбірленушінің киімдері сараптамадан өткізіліп жатыр 21.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-21T18:12+0500
2026-08-21T18:12+0500
2026-08-21T18:12+0500
алматы
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АЛМАТЫ, 21 тамыз – Sputnik. Алматыда 65 жастағы әйел зорланды. Күдікке күйеу баласы ілінді. Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне қоғам белсендісі Дина Таңсәрі айтып берді.17 тамызда күйеу бала енесінің үйіне шайға келген. Сол кезде үйде балдызы да болған. Балдызы жұмысқа кетіп, үйде енесі екеуі қалады.Қызы дереу полиция шақырады. Кешке полиция бөліміне барады."Бірақ сараптаманы таңертең тапсырыңыздар, кешке жұмыс істемейді деген. 20 тамызда тергеушінің кабинетінің алдында жарты күн тосып, қаулымен танысады. Қаулыда зорлау бойынша экспертизадан өту туралы жазылмаған. Дене жарақатын келтіру деп қана көрсетілген. Қаулыны алып, бұлар үйге қайтып кеткен", - дейді Динара Таңсәрі.Экспертиза мамандары қаулының дұрыс жазылмағанын айтып, үлгісін берген. Жәбірленуші қайтадан полиция департаментіне келеді.Таңсәрінің айтуынша, сараптама өткізетін мамандар гинекологқа баруды ұсынған."Күйеу бала енесін зорлағаннан кейін үйіне келіп, 16 жастағы ұлына бәрін айтып берген. "Ақымақ болдым, эмоцияға беріліп кеттім. Мені соттамаңдаршы" деп еңіреп жылаған. Ұлы анасына айтқан. Анасы ұлын ертіп, полицияға барған. Ұлынан түсініктеме алуды сұраған", - дейді Динара Таңсәрі.Бүгін беттестіру болды. Күдікті адвокатымен келген, ешнәрсе мойындамаған. Қазіргі уақытта жәбірленушінің киімдері сараптамадан өткізіліп жатыр.Күдікті үш баланың әкесі, біреуі ерекше бала. Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті ұсталды."Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кінәсі анықталған жағдайда заңға сәйкес жазаланады", - дейді Алматы қаласының полиция департаменті.
https://sputnik.kz/20260401/almatyda-zhasospirimdi-zorlagan-er-adam-omir-boyyna-bas-bostandygynan-ayyryldy-62322700.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы, зорлық-зомбылық
"Ұлына бәрін айтқан": Алматыда ер адам 65 жастағы енесін зорлады деген күдікке ілінді
Қазіргі уақытта жәбірленушінің киімдері сараптамадан өткізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 21 тамыз – Sputnik. Алматыда 65 жастағы әйел зорланды. Күдікке күйеу баласы ілінді. Оқиға туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне қоғам белсендісі Дина Таңсәрі айтып берді.
17 тамызда күйеу бала енесінің үйіне шайға келген. Сол кезде үйде балдызы да болған. Балдызы жұмысқа кетіп, үйде енесі екеуі қалады.
"Қарт кісі намаз оқығалы жатқанда күйеу баласы зорлаған. Сексуалдық әрекет емес, кәдімгідей зорлаған. Енесі екі күн бұл жағдайды жасырған. 19 тамызда шыдамай қызына айтып берген", - дейді қоғам белсендісі Динара Таңсәрі.
Қызы дереу полиция шақырады. Кешке полиция бөліміне барады.
"Бірақ сараптаманы таңертең тапсырыңыздар, кешке жұмыс істемейді деген. 20 тамызда тергеушінің кабинетінің алдында жарты күн тосып, қаулымен танысады. Қаулыда зорлау бойынша экспертизадан өту туралы жазылмаған. Дене жарақатын келтіру деп қана көрсетілген. Қаулыны алып, бұлар үйге қайтып кеткен", - дейді Динара Таңсәрі.
Экспертиза мамандары қаулының дұрыс жазылмағанын айтып, үлгісін берген. Жәбірленуші қайтадан полиция департаментіне келеді.
"Апа мен қызы маған хабарласып көмек сұрады. Мен байланысқа шықтым. Олар қайтадан полицияға барады, бірақ оларды ішкі кіргізбеген, жанжал болған. Журналистерге айтамын деп жүріп ішке кірген. Содан кейін ғана қаулыны берген. Қаулыны алып қайтадан экспертизаға барады. Онда да көгерген денесінен ғана сараптама алған, ал зорланғаны бойынша ешбір сараптама өткізбеген", - дейді қоғам белсендісі.
Таңсәрінің айтуынша, сараптама өткізетін мамандар гинекологқа баруды ұсынған.
"Күйеу бала енесін зорлағаннан кейін үйіне келіп, 16 жастағы ұлына бәрін айтып берген. "Ақымақ болдым, эмоцияға беріліп кеттім. Мені соттамаңдаршы" деп еңіреп жылаған. Ұлы анасына айтқан. Анасы ұлын ертіп, полицияға барған. Ұлынан түсініктеме алуды сұраған", - дейді Динара Таңсәрі.
Бүгін беттестіру болды. Күдікті адвокатымен келген, ешнәрсе мойындамаған. Қазіргі уақытта жәбірленушінің киімдері сараптамадан өткізіліп жатыр.
"Күдіктінің әйелі полицияға оның нашақор екенін айтқан. Үйіне тінту кезінде сондай заттар табылды", - дейді қоғам белсендісі.
Күдікті үш баланың әкесі, біреуі ерекше бала. Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті ұсталды.
"Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кінәсі анықталған жағдайда заңға сәйкес жазаланады", - дейді Алматы қаласының полиция департаменті.