Найзағай, жаңбыр және бұршақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
АЛМАТЫ, 21 тамыз – Sputnik. "Қазгидромет" 22-24 тамызға жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей аудандарда қатты жауын-шашын болып, бұршақ жаууы ықтимал.
Қазақстанның батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Мұнда ауа температурасы 34-39 градусқа дейін көтеріледі.
Астана
22 тамызда жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +9...+11°C, күндіз +24...+26°C болады.
23 тамызда көшпелі бұлт шығады. Таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Түнде +13...+15°C, күндіз +19...+21°C.
24 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал. Түнде +10...+12°C, күндіз +22...+24°C.
Алматы
22 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +18...+20°C, күндіз +28...+30°C.
23 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +19...+21°C, күндіз +28...+30°C.
24 тамызда жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C болады.
Шымкент
22 тамызда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +19...+21°C, күндіз +32...+34°C.
23 тамызда жауын-шашын болмайды. Түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C ыстық болады.
24 тамызда да жауын-шашын болмайды. Түнде +20...+22°C, күндіз +32...+34°C болады.
