Тамызда бірнеше өңірде құрғақшылық болады - Қазгидромет

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚұрғақшылық
Құрғақшылық - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Жазылу
Еліміздің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Биыл тамызда Қазақстанның кейбір өңірінде атмосфералық құрғақшылық күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, тамызда 7 өңірдің бірнеше елді мекенінде құрғақшылық болады. Олар:
Батыс Қазақстан облысы:
Бөкей Орда және Жәнібек аудандарында
Ақтөбе облысы:
Шалқар және Ырғыз аудандарында
Атырау облысы:
Құрманғазы ауданында
Алматы облысы:
Балқаш ауданында
Жамбыл облысы:
Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас және Жамбыл аудандарында
Түркістан облысы:
Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Бәйдібек және Келес аудандарында
Қызылорда облысы:
Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында құрғақшылық болауы мүмкін.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында ауа райы бірқалыпты ылғалды болады, дейді синоптиктер.
Еліміздің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады.
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Жаңбыр мен бұршақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар
0