Жаңбыр мен бұршақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik/Ертай СарбасовЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Жазылу
Жауын-шашынмен бірге ауа температурасының төмендеуі де күтіледі
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш күнде кейбір аймақта күн бұзылып, жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал.
Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді.

"Суық ауа массаларымен толығатын циклон еліміздің көптеген өңіріне жаңбыр мен найзағай алып келеді. Солтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Жауын-шашынмен бірге ауа температурасының төмендеуі де күтіледі. Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 22–27°С шамасында болады. Ал елдің шығысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, ауа температурасы 33–38°С-тан жайлы 27–32°С-қа дейін төмендейді.
 Горожане у фонтанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2026
Тамыз айында ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0