Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинЦентр обслуживания населения (ЦОН)
Центр обслуживания населения (ЦОН) - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2026
Жазылу
Қазір интернет трафигі қалпына келіп, мемлекеттік сайттар қалыпты жұмыс істеп тұр
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қазақстанның мемлекеттік сайттары не себепті уақытша істемей қалғанын түсіндірді.
Компанияның Sputnik Қазақстанға хабарлауынша, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері, оның ішінде eGov.kz мемлекеттік порталы, штаттық режимде жұмыс істеген және қазір де жұмыс істеп тұр.
Алайда компанияның мәліметінше, сыртқы интернет-трафиктің белсенділігі артқан кезде Қазақстанның интернет кеңістігін қорғау тетіктері іске қосылған. Соның салдарынан интернет желісіндегі кейбір мемлекеттік сайттар қысқа уақытқа қолжетімсіз болған.
"Қорғаныс тетіктері сыртқы белсенділікке уақтылы әрекет етіп, ұлттық цифрлық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.
Қазір трафик қалпына келтірілген.
"ҰАТ" АҚ-ның барлық жүйесі мен инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ақау болғаны туралы ақпаратты растамаймыз", - деп атап өтті компания.
"ҰАТ" – Қазақстанның электронды үкіметінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы.
Мужчина с телефоном в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде алты орынға төмендеді
Жаңалықтар
0