https://sputnik.kz/20260821/astananyn-manayynda-tagy-eki-auyl-gazga-qosyldy-65895095.html
Астана маңайындағы тағы екі ауыл газға қосылды
Астана маңайындағы тағы екі ауыл газға қосылды
Sputnik Қазақстан
Целиноград ауданында Қаражар және Қараөткел ауылдары 2028 жылға дейін газбен қамтылады деген жоспар болған 21.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-21T10:36+0500
2026-08-21T10:36+0500
2026-08-21T10:38+0500
алматы облысы
газ құбыры
халық
https://sputnik.kz/img/07e7/05/16/35162561_40:0:1160:630_1920x0_80_0_0_5e08625c68fddcc0d5ac61df3b4b3489.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Астана қаласына жақын екі ауыл табиғи газға қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан энергетика министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Целиноград ауданында Қаражар және Қараөткел ауылдары 2028 жылға дейін газбен қамтылады деген жоспар болған. Алайда құрылыс-монтаж жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Оған қоса, екі ауыл да магистральдық құбырдың бойында орналасқан.Осылайша, Қаражарда бес мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізсе, Қараөткелде 4 мыңнан астам отбасы көгілдір отынды пайдалана алады.Сонымен қатар Ақмол, Қабанбай батыр, Өтеміс, Қызылжар, Нұресіл және Қажымұқан ауылдарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Аталған жобаларды іске асыру 2027 жылға жоспарланған.
https://sputnik.kz/20260703/tagy-36-mynga-zhuyq-turgyn-tabigi-gazga-qol-zhetkizedi-64642888.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/16/35162561_180:0:1020:630_1920x0_80_0_0_6b9487296314a616ebe38331bbd3fb3e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, газ құбыры, халық
алматы облысы, газ құбыры, халық
Астана маңайындағы тағы екі ауыл газға қосылды
10:36 21.08.2026 (жаңартылды: 10:38 21.08.2026) Целиноград ауданында Қаражар және Қараөткел ауылдары 2028 жылға дейін газбен қамтылады деген жоспар болған
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Астана қаласына жақын екі ауыл табиғи газға қосылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан энергетика министрлігінің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Целиноград ауданында Қаражар және Қараөткел ауылдары 2028 жылға дейін газбен қамтылады деген жоспар болған. Алайда құрылыс-монтаж жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Оған қоса, екі ауыл да магистральдық құбырдың бойында орналасқан.
Осылайша, Қаражарда бес мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізсе, Қараөткелде 4 мыңнан астам отбасы көгілдір отынды пайдалана алады.
"Целиноград ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл Қызылсуат ауылында тиісті жоба жүзеге асырылып жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін 3 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді", - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар Ақмол, Қабанбай батыр, Өтеміс, Қызылжар, Нұресіл және Қажымұқан ауылдарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Аталған жобаларды іске асыру 2027 жылға жоспарланған.