Тағы 36 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуГазовое оборудование на газовом месторождении, архивное фото
Газовое оборудование на газовом месторождении, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Жазылу
2025 жылы газбен жабдықтау саласында іске асырылған 84 жоба нәтижесінде 94 елді мекен газға қосылды
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Энергетика министрлігі газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізу жөніндегі Жол картасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлады ведомство.
Әзірленіп жатқан Жол картасы елді газдандыруды жеделдету жөніндегі негізгі стратегиялық құжатқа айналады. 2026 жылы газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру нәтижесінде тағы 36 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.
"2025 жылдың қорытындысы бойынша газбен жабдықтау саласында іске асырылған 84 жоба нәтижесінде 94 елді мекеннің 354 мыңнан астам тұрғыны табиғи газға қол жеткізді. Бір жыл ішінде 2 мың шақырым газ тарату желісі салынды. Соның нәтижесінде 20,5 миллион халықтың 13,1 миллионы табиғи газға қол жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Жол картасы табиғи газбен қамтылатын халықтың үлесін едәуір арттыруға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірлердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша серпін беруге жағдай жасайды.
1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33 %-ке қымбаттайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33 %-ке қымбаттайды
Жаңалықтар
0