https://sputnik.kz/20260820/qazaqstandyq-film-maskeude-korsetildi-65867442.html
Қазақстандық фильм Мәскеуде көрсетілді
Қазақстандық фильм Мәскеуде көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық фильм Мәскеуде көрсетілді 20.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-20T14:21+0500
2026-08-20T14:21+0500
2026-08-20T14:21+0500
мәскеу
кино
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07ea/08/14/65865424_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_e6758bebd621337bbd820ee0467539ce.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Мәскеудегі "Каро 11 Октябрь" кинотеатрында қазақстандық "Алаяқтар" әлеуметтік криминалдық драмасының көрсетілімі өтті.Соңғы жылдары қазақ киносы табысты дамып келеді, көптеген қызықты және өзекті фильмдер экранға шықты.Көрсетілім қорытындысы бойынша "Алаяқтар" фильмі оң пікірлерге ие болды.Көрермендерді тартысты сюжет пен мәселенің өзектілігі тәнті етті. Белгілі болғандай, бұл туынды қылмыстық схемалар, қаржы пирамидалары, жасырын колл-орталықтар туралы танымал сериалдың жалғасы болып табылады және қазіргі заманғы цифрлық алаяқтықтың ішкі қыр-сырын ашады.Сценарист, продюсер және басты рөлді сомдаушы Рүстем Омаров фильм идеясы жеке тәжірибесінен туындағанын айтты, алаяқтар оның анасын алдауға тырысқан."Бұл Қазақстан үшін ғана емес, Ресей мен бүкіл посткеңестік кеңістік үшін де өте өткір мәселе. Алаяқтар - мықты психологтар, олар үнемі жаңа схемаларды ойлап табады, сондықтан біздің міндетіміз қырағы болу және олардың айла-амалдарына алданбау", - деп өз ойымен бөлісті продюсер.Өз кезегінде режиссер Олжас Нұрбай бұл фильмді, ең алдымен, 50+ жастағы аға буын өкілдері көруі керек деп санайды, өйткені олар алған тәрбиесі мен тым сенгіштігінен осындай қылмыстардың негізгі құрбаны болып жатады.Қазақстандық киноның Ресейдегі танымалдылығы туралы айта келе, ол басты фактор ретінде оның өмірлік маңыздылығын, шынайылығын, өзектілігін және Ресей қоғамын да толғандыратын мәселелерді ашып көрсететінін атап өтті.Көрсетілімді тамашалаған белгілі ресейлік суретші Никас Сафронов қазақстандық кинематографияға жоғары баға берді. Оның айтуынша, қазақстандықтар ең үздік жетістіктері мен озық шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, тамаша туынды шығара білген.
https://sputnik.kz/20260614/qazaqstandyq-film-shankhay-khalyqaralyq-kinofestivalinde-korsetiledi-64107870.html
мәскеу
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/14/65865424_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_e138de5e6a04aa4ceca2bf1ae430ab97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәскеу, кино, қазақстан
Қазақстандық фильм Мәскеуде көрсетілді
Қазақстандық фильм Мәскеуде көрсетілді
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Мәскеудегі "Каро 11 Октябрь" кинотеатрында қазақстандық "Алаяқтар" әлеуметтік криминалдық драмасының көрсетілімі өтті.
Соңғы жылдары қазақ киносы табысты дамып келеді, көптеген қызықты және өзекті фильмдер экранға шықты.
"Бұл фильмдер Ресейде де үлкен танымалдылыққа ие, соның арқасында аудитория Қазақстан туралы, бүгінгі таңда қазақ қоғамын не мазалайтыны және қазақстандықтардың не ойлайтыны туралы көбірек әрі жақсырақ біле түсуде. Бұл екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосылған тағы бір үлес болып табылады", - деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Көрсетілім қорытындысы бойынша "Алаяқтар" фильмі оң пікірлерге ие болды.
Көрермендерді тартысты сюжет пен мәселенің өзектілігі тәнті етті. Белгілі болғандай, бұл туынды қылмыстық схемалар, қаржы пирамидалары, жасырын колл-орталықтар туралы танымал сериалдың жалғасы болып табылады және қазіргі заманғы цифрлық алаяқтықтың ішкі қыр-сырын ашады.
Сценарист, продюсер және басты рөлді сомдаушы Рүстем Омаров фильм идеясы жеке тәжірибесінен туындағанын айтты, алаяқтар оның анасын алдауға тырысқан.
"Бұл Қазақстан үшін ғана емес, Ресей мен бүкіл посткеңестік кеңістік үшін де өте өткір мәселе. Алаяқтар - мықты психологтар, олар үнемі жаңа схемаларды ойлап табады, сондықтан біздің міндетіміз қырағы болу және олардың айла-амалдарына алданбау", - деп өз ойымен бөлісті продюсер.
Өз кезегінде режиссер Олжас Нұрбай бұл фильмді, ең алдымен, 50+ жастағы аға буын өкілдері көруі керек деп санайды, өйткені олар алған тәрбиесі мен тым сенгіштігінен осындай қылмыстардың негізгі құрбаны болып жатады.
Қазақстандық киноның Ресейдегі танымалдылығы туралы айта келе, ол басты фактор ретінде оның өмірлік маңыздылығын, шынайылығын, өзектілігін және Ресей қоғамын да толғандыратын мәселелерді ашып көрсететінін атап өтті.
Көрсетілімді тамашалаған белгілі ресейлік суретші Никас Сафронов қазақстандық кинематографияға жоғары баға берді. Оның айтуынша, қазақстандықтар ең үздік жетістіктері мен озық шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, тамаша туынды шығара білген.