Қазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі

© Photo : Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
Қазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
Жазылу
Туындының түсірілімі 2023 жылы басталған
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Отандық "No Good In Sight: A Story" фильмі 28-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Режиссер Әліби Мұқышевтің "No Good In Sight: A Story" фильмі 28-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі. Фильм алғаш рет 16 маусымда Шанхайда көрермен назарына ұсынылып, Қазақстанның атын Азиядағы беделді кинофестивальдердің бірінде танытады.
© Photo : Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
Қазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
Қазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
"No Good In Sight: A Story" ("Еш жақсылығы жоқ оқиға") – Әліби Мұқышевтің тұңғыш толықметражды фильмі. Туындының түсірілімі 2023 жылы басталған.
"Туынды әке мен бала арасындағы қарым-қатынас идеясы төңірегінде өрбиді. Кейіпкерлер тағдыры арқылы отбасының адам өміріндегі орны, өткеннің ізі мен өмірлік тәжірибенің тұлға болмысына әсері көркем түрде бейнеленеді. Фильм жалғыздық, сағыныш, жауапкершілік пен ар тақырыптарын қозғай отырып, адам жанының терең қатпарларына үңіледі. Сондай-ақ көрерменді отбасының қадірі, тағдыр таңдауы және жан тыныштығын табудың маңызы туралы ойға жетелейді", - деп жазылған хабарламада.
© Photo : Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
Қазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
Қазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
Айта кетейік, 1993 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Шанхай халықаралық кинофестивалі – Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастықтары федерациясы (FIAPF) "А" санатына аккредиттеген Қытайдағы алғашқы кинофестиваль.
Брест қорғаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Мәскеуде Брест қамалын қорғаған қазақ батырының ұрпақтары туралы фильм көрсетілді
Жаңалықтар
0