https://sputnik.kz/20251205/maskeude-brest-qamalyn-qorgagan-qazaq-batyrynyn-urpaqtary-turaly-film-korsetiledi-59386850.html
Мәскеуде Брест қамалын қорғаған қазақ батырының ұрпақтары туралы фильм көрсетілді
Мәскеуде Брест қамалын қорғаған қазақ батырының ұрпақтары туралы фильм көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Көрсетілім алдында Қазақстанда туған кеңес жауынгерлерінің сүйектерін Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясына тапсыру рәсімі өтті 05.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-05T21:30+0500
2025-12-05T21:30+0500
2025-12-05T21:53+0500
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/1060/11/10601168_0:140:3143:1908_1920x0_80_0_0_a98f242c7ea780c89b41e02f74a33bab.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Бүгін Мәскеудегі Жеңіс мұражайындағы "Поклонка" кинотеатрында Брест қамалын қорғауға қатысқан қазақ батыры Қасым Жарменов және оның ұрпақтары туралы "Цитадель" деректі фильмінің премьерасы өтті.Қасым Жарменов алғашқы шайқасын 1941 жылы 22 маусымда Брест қамалында өткізді. Ол тұтқынға түсіп, нацистік концлагерьлерден өтіп, ол жақтан қашып шықты. Кейін Чехословакияда партизан болып, Жеңісті сол жақта қарсы алды.Соғыстан кейін ол туған қаласы Шымкентке оралып, мектеп мұғалімі болды.Батырдың немересі Денис Жарменов пен шөбересі Тимур "Цитадель" фильмінің түсіріліміне қатысып, олар өздерінің аталары туралы және оның майдандағы жолын қалай зерттегендері туралы әңгімеледі. Ұлы Жеңістің 80 жылдығында олар Қасымның нацистермен алғаш шайқасқан жеріне барды.Орыс географиялық қоғамының жастар лагерінде олар далалық археологияға қатысып, Себеж бекініс аймағын қорғаудың белгісіз эпизодын қалпына келтірді.Олар сондай-ақ цитадельден аталарының қабіріне топырақ алып барды.Көрсетілім алдында Қазақстанда туған кеңес жауынгерлерінің сүйектерін Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясына тапсыру рәсімі болды. Сонымен қатар Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі туралы екі кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылып отыр."Цитадель" деректі фильмінің тұсаукесері 2025 жылдың 19 қарашасында Алматыда "Өмір салты - экспедиция" екінші деректі фильмдер фестивалінің ашылуында өтті. Қасым Жарменовтің туған жері Шымкентте фильм 13 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясы сарайында көрсетіледі.Аңызға айналған бекіністі қорғаушылардың арасында барлығы 556 қазақстандық болды, ал олардың естелігін тарих ғылымдарының докторы Ләйлә Ахметова өзінің "Брест бекінісі. 1941. Қазақстан" кітабында қайта жаңғыртты.
https://sputnik.kz/20251112/maskeude-resey-men-qazaqstannyn-dostyq-sayabagy-ashyldy-58696785.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1060/11/10601168_207:0:2938:2048_1920x0_80_0_0_8d8029657c7c2a37089bd0acf9e1d742.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Мәскеуде Брест қамалын қорғаған қазақ батырының ұрпақтары туралы фильм көрсетілді
21:30 05.12.2025 (жаңартылды: 21:53 05.12.2025) Көрсетілім алдында Қазақстанда туған кеңес жауынгерлерінің сүйектерін Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясына тапсыру рәсімі өтті
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Бүгін Мәскеудегі Жеңіс мұражайындағы "Поклонка" кинотеатрында Брест қамалын қорғауға қатысқан қазақ батыры Қасым Жарменов және оның ұрпақтары туралы "Цитадель" деректі фильмінің премьерасы өтті.
Қасым Жарменов алғашқы шайқасын 1941 жылы 22 маусымда Брест қамалында өткізді. Ол тұтқынға түсіп, нацистік концлагерьлерден өтіп, ол жақтан қашып шықты. Кейін Чехословакияда партизан болып, Жеңісті сол жақта қарсы алды.
Соғыстан кейін ол туған қаласы Шымкентке оралып, мектеп мұғалімі болды.
Батырдың немересі Денис Жарменов пен шөбересі Тимур "Цитадель" фильмінің түсіріліміне қатысып, олар өздерінің аталары туралы және оның майдандағы жолын қалай зерттегендері туралы әңгімеледі. Ұлы Жеңістің 80 жылдығында олар Қасымның нацистермен алғаш шайқасқан жеріне барды.
Орыс географиялық қоғамының жастар лагерінде олар далалық археологияға қатысып, Себеж бекініс аймағын қорғаудың белгісіз эпизодын қалпына келтірді.
Олар сондай-ақ цитадельден аталарының қабіріне топырақ алып барды.
"Егер менің атам батыр болса, онда оның бұл қасиеті менің қанымда бар, мен де үлкен жетістіктерге жете аламын", - деді батырдың шөбересі Тимур экспедициядан кейін.
Көрсетілім алдында Қазақстанда туған кеңес жауынгерлерінің сүйектерін Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясына тапсыру рәсімі болды. Сонымен қатар Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі туралы екі кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылып отыр.
"Цитадель" деректі фильмінің тұсаукесері 2025 жылдың 19 қарашасында Алматыда "Өмір салты - экспедиция" екінші деректі фильмдер фестивалінің ашылуында өтті. Қасым Жарменовтің туған жері Шымкентте фильм 13 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясы сарайында көрсетіледі.
Аңызға айналған бекіністі қорғаушылардың арасында барлығы 556 қазақстандық болды, ал олардың естелігін тарих ғылымдарының докторы Ләйлә Ахметова өзінің "Брест бекінісі. 1941. Қазақстан" кітабында қайта жаңғыртты.