Биыл бірінші жартыжылдықта елдегі 566 ауыл 4G желісіне көшті

© Sputnik / Яков Андреев / Медиабанкке өтуВышка сотовой связи
Вышка сотовой связи - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2026
Жазылу
3 807 ауыл операторға салық преференцияларын беру есебінен 4G стандартына кезең-кезеңімен ауыстырылады
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында жоспарланған 31 іс-шараның бүгінгі күнге дейін 21-і сәтті орындалды, деп хабарлады үкімет.
Атап айтқанда, 2025 жылы спутниктік байланыс арқылы 362 ауыл интернетпен қамтамасыз етілді, мобильді байланыс операторлары 12 қосарлы мақсаттағы тірек орнатты, Қазақстан бойынша 743 "ақтаңдақ" жойылды. Сонымен қатар байланыс саласын реттеуді жетілдіру бойынша елдегі заңдар мен нормативтік-құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер енгізілді.
"2027 жылдың соңына дейін 1,2 млн адамды және 5,8 мың мемлекеттік нысанды қамти отырып, 3 мыңнан астам ауылды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 12 ауылда талшықты-оптикалық байланыс желілері салынды, 340 ауылда спутниктік байланыс арқылы интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Дүниежүзілік банктің қолдауымен 83,9 млрд теңге көлемінде 1 123 ауылдағы 2,3 млн адамды интернетпен қамту үшін "соңғы" тұтынушы субсидиялау жобасы жүзеге асырылуда.
"Ол 1 123 ауылда тікелей елді мекендер мен үй шаруашылықтарына дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуды көздейді, бұл шамамен 2,3 млн адамды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта үй шаруашылықтарына дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жұмыстары басталды", - дейді үкіметте.
Ұялы байланыс секторы 5G желілерін орналастыру бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындап, елдің 20 қаласында 3 618-ден астам базалық станса орнатты. Халық саны 250 адамнан асатын барлық ауыл, яғни 3 807 ауыл операторға салық преференцияларын беру есебінен 4G стандартына кезең-кезеңімен ауыстырылады, оның ішінде 2026 жылғы І жартыжылдықтағы жағдай бойынша 4G-ға 566 ауыл көшті.
Новые вагоны по маршруту Астана - Омск  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Тегін интернет: Астанадан Арқалыққа жаңа жолаушылар пойызы жүреді
Жаңалықтар
0