Тегін интернет: Астанадан Арқалыққа жаңа жолаушылар пойызы жүреді

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Новые вагоны по маршруту Астана - Омск
Новые вагоны по маршруту Астана - Омск  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта бұл бағыт бойынша тек жеке тасымалдаушы қатынайды
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Астанадан Арқалыққа жаңа жолаушылар пойызы жүреді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
"Өңірдің көліктік қолжетімділігін арттыру үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Нұрлы жол – Арқалық" жаңа жолаушылар пойызын тағайындады. Бұрын бұл бағыт бойынша тасымалдауды тек жеке тасымалдаушы жүзеге асырған", - делінген хабарламада.

Пойыз 2025 жылы RWS Wagon шығарған алты жаңа вагоннан тұрады - үш купе және үш плацкарт. Құрамның сыйымдылығы 250 жолаушыдан асады. Вагондар ауа баптау жүйелерімен, заманауи қауіпсіздік құралдарымен, USB порттарымен, электр розеткаларымен және жеке жарықтандырумен жабдықталған.

Пойыз күн сайын Астана (Нұрлы жол вокзалы) – Жалтыр – Атбасар – Жақсы – Есіл – Державинская – Арқалық бағыты бойынша жүреді.

Сондай – ақ, "Нұрлы жол – Арқалық" пойызында Starlink технологиясы негізінде спутниктік интернет іске қосылды. Іске қосу кезеңінде қызмет жолаушыларға әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге, бейнесервистерге, жұмыс платформаларына және басқа да интернет-ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, барлық жүру жолында тегін көрсетілетін болады. Билеттерді ресми bilet.railways.kz. сайтынан немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында сатып алуға болады.
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2026
Жазда қала маңына қатынайтын 3 қосымша пойыз іске қосылады - ҚТЖ
Жаңалықтар
0