https://sputnik.kz/20260820/2027-zhyly-qazaqstanda-845-mvt-zhana-energetikalyq-quat-iske-qosylady-65839921.html
2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуат іске қосылады
2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуат іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар жалпы қуаты 570 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жоспарланып отыр 20.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-20T08:06+0500
2026-08-20T08:06+0500
2026-08-20T08:09+0500
министрлік
электр энергиясы
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/03/05/42696439_0:0:3156:1776_1920x0_80_0_0_2e1d42127cd3d4a344b3435fb0c230c2.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. 2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлады Энергетика министрлігі.Атап айтқанда, Жамбыл ГРЭС-інде жалпы қуаты 210 МВт болатын 5 газтурбиналық қондырғыны, "МАЭК" ЖШС-де қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын, "Баскуат Энергопром" ЖШС жобасының бірінші кезеңі аясында жалпы қуаты 34,7 МВт болатын 5 газпоршеньді қондырғыны, сондай-ақ "Kazakhmys Energy" ЖШС-де қуаты 70 МВт бу-газ қондырғысын іске қосу көзделген.Сонымен қатар жалпы қуаты 570 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында мына нысандар бар:Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстанда шамамен 2,6 ГВт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, төрт газ электр станциясын іске қосу, қолданыстағы екі электр станциясын кеңейту, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінің 10 жаңа нысанын іске қосу көзделген.
https://sputnik.kz/20260810/qyzylordadagy-zhana-zhes-500-mln-kilovatt-sagat-elektr-energiyasyn-ondirdi-65576200.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/05/42696439_142:0:2873:2048_1920x0_80_0_0_5b3ad669a0f91f43989a7e38f97507a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, электр энергиясы, жамбыл облысы
министрлік, электр энергиясы, жамбыл облысы
2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуат іске қосылады
08:06 20.08.2026 (жаңартылды: 08:09 20.08.2026) Сонымен қатар жалпы қуаты 570 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жоспарланып отыр
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. 2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Атап айтқанда, Жамбыл ГРЭС-інде жалпы қуаты 210 МВт болатын 5 газтурбиналық қондырғыны, "МАЭК" ЖШС-де қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын, "Баскуат Энергопром" ЖШС жобасының бірінші кезеңі аясында жалпы қуаты 34,7 МВт болатын 5 газпоршеньді қондырғыны, сондай-ақ "Kazakhmys Energy" ЖШС-де қуаты 70 МВт бу-газ қондырғысын іске қосу көзделген.
Сонымен қатар жалпы қуаты 570 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында мына нысандар бар:
Алматы облысындағы қуаты 100 МВт күн электр станциясы;
Қызылорда облысындағы жалпы қуаты 70 МВт болатын үш күн электр станциясы;
Ақтөбе облысындағы әрқайсысының қуаты 100 МВт болатын екі жел электр станциясы;
Қызылорда облысындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясы;
Түркістан облысындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясы;
Абай облысындағы жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электр станциясы.
"Жаңа қуаттарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанында елдің электр энергиясына деген қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді. 2027 жылдың соңына қарай электр энергиясының шамамен 1,3 млрд кВт·сағ көлемінде профициті қалыптасады деп күтіліп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстанда шамамен 2,6 ГВт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, төрт газ электр станциясын іске қосу, қолданыстағы екі электр станциясын кеңейту, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінің 10 жаңа нысанын іске қосу көзделген.