Қазақстандықтар ақшасын қандай депозитке салғанды жөн көреді

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2026
Жазылу
Депозиттер көлемі 30 триллион теңгеден асты
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктердегі салымдарының көлемі алғаш рет 30 трлн теңгеден асты. Бір жыл ішінде бұл сома 18,5%-ға, яғни 4,7 трлн теңгеге өсті, деп хабарлады Ranking.kz.
Салымшылар әлі де көбіне жинақ депозиттерін таңдайды. Олардың басқа салым түрлерінен басты артықшылығы – табыстың жоғары болуы.
"Ақшаны кез келген уақытта еркін шешіп алуға болатын депозиттерден айырмашылығы, жинақ салымдарында қаражатты мерзімінен бұрын алу шарттары қатаңырақ. Сондықтан банктер мұндай салымдар бойынша жоғары сыйақы ұсынады", - деп жазды портал.
Жинақ депозиттерінің тағы бір маңызды артықшылығы – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) тарапынан берілетін кепілдік мөлшерінің жоғары болуы. Теңгедегі жинақ салымдары бойынша бір банктегі бір салымшыға берілетін кепілдіктің ең жоғары сомасы 20 млн теңгені құрайды. Бұл – депозиттік өнімдер арасындағы ең жоғары қорғаныс деңгейі.
Салыстыратын болсақ, басқа депозиттер бойынша кепілдіктің шекті сомасы төмен: теңгедегі карточкалар, шоттар және жинақ депозиттеріне жатпайтын салымдар бойынша – 10 млн теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңгеге дейін.
"Жинақ депозиттерінде басты басымдық табыстылыққа беріледі. Қаражатты ішінара алуға қойылатын шектеулер банктерге өздерінің ресурстық базасын тиімдірек жоспарлауға, ал салымшыларға жоғары сыйақы алуға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай өнім белгіленген мерзім ішінде қажет болмайтын қаражатты орналастыруға қолайлы", - дейді сарапшылар.
Жинақ депозитін ашқандар түсетін табысты алдын ала есептей алады. Салымшы қаражатты орналастыру мерзімін, сыйақы мөлшерлемесін және өнімнің негізгі шарттарын алдын ала біледі. Егер шартта сыйақыны капиталдандыру көзделсе, табыс бастапқы салым сомасына ғана емес, бұған дейін есептелген сыйақыға да есептеледі.
Нарықта депозиттердің басқа да түрлері, атап айтқанда, мерзімді және талап етілмелі салымдар бар. Олардың негізгі айырмашылығы – қаражаттың қолжетімділігі мен табыстылығында.
Талап етілмелі депозиттер әдетте салымшыға ақшасын еркінірек пайдалануға мүмкіндік береді, алайда олар бойынша мөлшерлемелер көбіне төмен болады. Ал мерзімді депозиттер осы екеуінің ортасында: қаражатты белгілі бір мерзімге орналастыруға әрі салыстырмалы түрде икемді шарттарды сақтауға мүмкіндік береді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023
Дерекқор
Ақша аларда шектеу бар: депозит ашатындар нені білуі қажет
Жаңалықтар
0