Арыста жарылыс болды

© Photo : Пресс-служба министерства обороны КазахстанаФасад здания министерства обороны
Фасад здания министерства обороны - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2026
Жазылу
Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің аумағында жарылыс болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
"19 тамызда сағат 19:00 шамасында әскери бөлім аумағында құрғақ шөп өртенді. Соның салдарынан бұған дейін жоюға дайындалған оқ-дәрі фрагменті жарылды", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Өрт ошағы оқшауланды, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Қорғаныс министрлігі азаматтарды әлеуметтік желіде таралып жатқан тексерілмеген ақпараттарға сенбеуге шақырды.
Арысь-1 теміржол вокзалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен кәсіпкерлердің барлығына өтемақы беріледі
Жаңалықтар
0