Қазақстанда 9,1 мың тонна шай мен кофе өндірілді

CC0 / / Шай
Шай - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2026
Жазылу
Жалпы шай тұтыну көлемі бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамды құрайды
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
"2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілді, оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі. Өңірлік бөліністе шай өндірісінің негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі - 92,1% (3 528 тонна). Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы өңірлер арасында көш бастап тұр", - деп жазылған хабарламада.
Импорттың үлесіне сергіткіш сусынның 74,1%-ы тиесілі, елге шай өнімінің 18,3 мың тоннасы әкелінді. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылды.
Ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілді. Жалпы шай тұтыну көлемі бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамды құрайды.
Шайдың негізгі жеткізуші елдерінің қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2%-ы тиесілі. Сондай-ақ шайдың негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.
Шай - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Қазақстанның қай өңірінде шай арзан - статистика
Жаңалықтар
0