Қазақстанның қай өңірінде шай арзан - статистика

© Photo : СС0 / StockSnapШай
Шай - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Жазылу
Ең қымбат шай Шымкенттің бөлшек сауда орындарында сатылған – 6 747 теңге/кг
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Қазақстанға шай бағасы және бұл өнімді қай аймақтың тұрғындары көп тұтынатыны туралы мәліметпен бөлісті.
Наурыз айында Қазақстан бойынша қара шайдың орташа бағасы келісіне 5 846 теңгені құрады.
"Былтырғы наурызбен салыстырғанда шайдың орташа бағасы 6,9% өскен. Орта есеппен қазақстандықтар 250 грамм шай қорабын 1 462 теңгеге алады", - деп жазылған хабарламада.
Өңірлер бөлінісінде қара шайдың ең төменгі бағасы Семей қаласында байқалды - 1 кг үшін 5 300 теңге. Ал ең қымбат шай Шымкенттің бөлшек сауда орындарында сатылған – 6 747 теңге/кг.
Сондай-ақ жоғары баға Атырауда (6 338 тг/кг), Қарағандыда (6 216 тг/кг) және Қызылордада (6 069 тг/кг) тіркелді. Қалған қалаларда орташа баға 1 кг үшін 5,4 мыңнан 5,9 мың теңгеге дейін құбылады.
Жалпы шай тұтыну деңгейі бойынша бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамм шайдан келеді, дейді бюро мамандары.
Шайдың негізгі жеткізушілерінің қатарында Кения бар – импортталатын өнімнің шамамен 40% осы елдің үлесіне тиесілі. Сондай-ақ негізгі көлемдер Үндістан мен Қытайдан жеткізіледі.
Жанармай құю орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Бензин бағасы біртіндеп өседі - вице-министр
Жаңалықтар
0