https://sputnik.kz/20260818/elde-egin-zhinau-qarqyny-byltyrgydan-eki-ese-zhogary---ukimet-65783938.html
Елде егін жинау қарқыны былтырғыдан екі есе жоғары - үкімет
Елде егін жинау қарқыны былтырғыдан екі есе жоғары - үкімет
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда 513 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды 18.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-18T08:33+0500
2026-08-18T08:33+0500
2026-08-18T08:33+0500
үкімет
астық
бидай
https://sputnik.kz/img/07ea/08/12/65782398_8:0:1272:711_1920x0_80_0_0_d312764e17d32b6a287d303e66f255cd.jpg
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Егін жинау қарқыны былтырғыдан екі есе жоғары, деп хабарлады үкімет.Жаппай егін жинау науқаны еліміздің барлық негізгі аграрлық аймақтарында 2026 жылдың 15 тамызында басталды.Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда 2,6 млн гектардан дәнді дақылдар жиналды. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 1,3 млн гектар болған еді.Үкімет мәліметіне сәйкес, әртараптандыру шеңберінде бидайдың егістік алқаптары 875 мың гектарға қысқартылды. Соған қарамастан жалпы өнім көлемі өсіп келеді. Бұл әр гектардан алынатын өнімнің артып, қолданыстағы егістік алқаптардың тиімдірек пайдаланылып отырғанын көрсетеді.Басқа да негізгі дақылдар бойынша бүгінгі таңда 513 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.
https://sputnik.kz/20260722/qazaqstan-reseyde-astyq-terminalyn-saludy-usyndy-65088478.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/12/65782398_166:0:1114:711_1920x0_80_0_0_bdc3a114891aa793917a19a77f8efc14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, астық, бидай
Елде егін жинау қарқыны былтырғыдан екі есе жоғары - үкімет
Бүгінгі таңда 513 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Егін жинау қарқыны былтырғыдан екі есе жоғары, деп хабарлады үкімет.
Жаппай егін жинау науқаны еліміздің барлық негізгі аграрлық аймақтарында 2026 жылдың 15 тамызында басталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда 2,6 млн гектардан дәнді дақылдар жиналды. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 1,3 млн гектар болған еді.
"17 тамыздағы мәлімет бойынша орташа өнімділік гектарынан 14,6 центнерді құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлері бойынша оң динамика байқалады", - деп жазылған хабарламада.
Үкімет мәліметіне сәйкес, әртараптандыру шеңберінде бидайдың егістік алқаптары 875 мың гектарға қысқартылды. Соған қарамастан жалпы өнім көлемі өсіп келеді. Бұл әр гектардан алынатын өнімнің артып, қолданыстағы егістік алқаптардың тиімдірек пайдаланылып отырғанын көрсетеді.
Басқа да негізгі дақылдар бойынша бүгінгі таңда 513 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.