https://sputnik.kz/20260722/qazaqstan-reseyde-astyq-terminalyn-saludy-usyndy-65088478.html
Қазақстан Ресейде астық терминалын салуды ұсынды
Қазақстан Ресейде астық терминалын салуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Алтай өлкесіндегі "Бүкілресейлік дала күні - 2026" агроөнеркәсіптік көрмесінде бірқатар бастама жариялады 22.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-22T09:12+0500
2026-07-22T09:12+0500
2026-07-22T09:12+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
астық
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/09/10/57101492_0:59:1280:779_1920x0_80_0_0_94e8e932cacb014b402c8b60705a94aa.jpg
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Қазақстан Ресейде астық терминалын салуды ұсынды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Қазақстанның ұлттық компаниясы "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының" қатысуы күтіліп отыр. Кооперация бойынша ұсыныстарға ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және жаңа жылыжайлар салу жобалары да кіреді.АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбековтің айтуынша, Қазақстан соңғы екі жылда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді: астық өнімі 26 миллион тонна деңгейінде қалды, ал майлы дақылдардың жалпы өнімі 4,9 миллион тоннаға жетті.Сәкен Қаныбеков өз сөзінде бірлескен селекция мен тұқым өндірісін дамытуға назар аударды. Ол ЕАЭО елдерінің ғылыми ұйымдары қант қызылшасын өсіру және тұқым өндіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отырғанын хабарлады."Бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру және кооперативтік бастамаларды қаржылық қолдау тетіктерін жетілдіру ортақ ауыл шаруашылығы нарығындағы кедергілерді азайтуға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Одақ мемлекеттеріндегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға көмектеседі", - деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінде.Халықаралық көрмеге қазақстандық делегацияның қатысуы Қазақстанның ЕАЭО аясында ғылыми, технологиялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген міндеттемесін растады.
https://sputnik.kz/20260624/qazaqstan-men-resey-eaeo-ayasynda-qus-sharuashylygy-salasyndagy-yntymaqtastyqty-keneytpek-64403473.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/10/57101492_82:0:1199:838_1920x0_80_0_0_e0ec2ec6597b9a17896fb309602bed45.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі, астық, еаэо
ауыл шаруашылығы министрлігі, астық, еаэо
Қазақстан Ресейде астық терминалын салуды ұсынды
Қазақстан Алтай өлкесіндегі "Бүкілресейлік дала күні - 2026" агроөнеркәсіптік көрмесінде бірқатар бастама жариялады
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Қазақстан Ресейде астық терминалын салуды ұсынды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстанның ұлттық компаниясы "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының" қатысуы күтіліп отыр. Кооперация бойынша ұсыныстарға ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және жаңа жылыжайлар салу жобалары да кіреді.
АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбековтің айтуынша, Қазақстан соңғы екі жылда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді: астық өнімі 26 миллион тонна деңгейінде қалды, ал майлы дақылдардың жалпы өнімі 4,9 миллион тоннаға жетті.
Сәкен Қаныбеков өз сөзінде бірлескен селекция мен тұқым өндірісін дамытуға назар аударды. Ол ЕАЭО елдерінің ғылыми ұйымдары қант қызылшасын өсіру және тұқым өндіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отырғанын хабарлады.
"Бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру және кооперативтік бастамаларды қаржылық қолдау тетіктерін жетілдіру ортақ ауыл шаруашылығы нарығындағы кедергілерді азайтуға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Одақ мемлекеттеріндегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға көмектеседі", - деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінде.
Халықаралық көрмеге қазақстандық делегацияның қатысуы Қазақстанның ЕАЭО аясында ғылыми, технологиялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген міндеттемесін растады.