Қазақстан мен Ресей ЕАЭО аясында құс шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек
19:23 24.06.2026 (жаңартылды: 19:26 24.06.2026)
Жазылу
Келіссөздер барысында тірі мал мен ет өнімдерін өзара жеткізу, сондай-ақ логистикалық процестерді оңтайландыру мәселелері талқыланды
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Астанада құс өсірушілердің 13-ші халықаралық форумы өтті.
Шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысты. Форум аясында ол Ресей Федерациясы ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Ольга Абрамовамен екіжақты кездесу өткізді.

Қазақстан мен Ресей ЕАЭО аясында құс шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек
"Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясында ғылыми-өндірістік ынтымақтастықты тереңдету, импортты алмастыру, асыл тұқымды мал базасын дамыту, мал шаруашылығы саласын цифрландыру мәселелерін жан-жақты талқылады. Келіссөздер барысында селекциялық-генетика саласындағы тәуелсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ресей тарапы Қазақстанға ғылыми ынтымақтастықты дамыту және шетелдік генетикалық ресурстарға тәуелділікті азайту үшін Қытаймен бірлесіп құрылған халықаралық ғылыми коммуникациялық платформаға қосылуды ұсынды.

Вице-министр сельского хозяйства Казахстана Азат Султанов на XIII Международном форуме птицеводов в России
"Азат Сұлтанов министрліктің құс шаруашылығы саласында бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеуге дайын екенін растап, серіктестікті нығайту және инкубациялық жұмыртқалар мен асыл тұқымды малдарды жеткізу үшін сенімді жеткізу тізбегін құрудың маңыздылығын атап өтті", - деп хабарлайды ведомсвто.
Саланы цифрландыру мәселесі де бөлек талқыланды. Ресей тарапы Қазақстанның мамандандырылған ветеринария және оқу орындарын, соның ішінде С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ды тарта отырып, ортопедиялық сауықтыру стандарттарының бірыңғай жүйесін енгізуді ұсынды.

Қазақстан мен Ресей ЕАЭО аясында құс шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек
"Бұл бастаманы жүзеге асыру арқылы жасанды интеллектіні қолдана отырып, жануарлардың ақсақтығын ерте анықтауды автоматтандыруға, жоғары өнімді малдың жоғалу қаупін азайтуға және сүтті мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қазақстан мен Ресей ЕАЭО аясында құс шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек
Сонымен қатар тірі мал мен ет өнімдерін өзара жеткізу, сондай-ақ логистикалық процестерді оңтайландыру мәселелері талқыланды.
Азат Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін молайту бағдарламасы аясында министрліктің сапалы асыл тұқымды мал алуға мүдделі екенін атап өтті. Айтуынша, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін ресурстардың қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау тетіктерін жедел жетілдіру – министрліктің басым бағыттарының бірі.

