https://sputnik.kz/20260818/almaty-oblysynda-63-myn-oqushyga-mektep-formasy-men-oqu-quraldary-beriledi-65805048.html
Алматы облысында 63 мың оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары беріледі
Алматы облысында 63 мың оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары беріледі
Sputnik Қазақстан
Шалғай елді мекендердегі оқушыларды тасымалдауға 3 млрд теңге бөлінді 18.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-18T22:18+0500
2026-08-18T22:18+0500
2026-08-18T22:18+0500
алматы облысы
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18058783_0:211:3000:1899_1920x0_80_0_0_a62589ddb7ae921212cd08327f67963c.jpg
АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Биыл Алматы облысында білім беру саласына 458 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.Оқулық қорын толықтыруға 3,3 млрд теңге қарастырылған. Жаңа оқу жылында әлеуметтік осал санаттағы 63 мың оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары беріледі.Шалғай елді мекендердегі оқушыларды тасымалдауға 3 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 29 мыңнан астам баланы тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған.Алматы облысында үш ауысымды оқытуды жою мақсатында соңғы төрт жылда 75 жаңа мектеп салынып, 6 мектепке қосымша жапсаржай салынды. Оның ішінде мемлекет қолдауының арқасында жалпы 24 900 орынға арналған 26 "Келешек мектебі" ашылды.Сонымен қатар 10 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Тағы екі нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20260817/2-4-synyp-oqushylary-qalay-bagalanady-vitse-ministr-zhana-zhuyeni-tusindirdi-65774801.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18058783_104:0:2771:2000_1920x0_80_0_0_1aa13c9ff6fa22cbd1491456f57f44c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, оқушы
Алматы облысында 63 мың оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары беріледі
Шалғай елді мекендердегі оқушыларды тасымалдауға 3 млрд теңге бөлінді
АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Биыл Алматы облысында білім беру саласына 458 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Оқулық қорын толықтыруға 3,3 млрд теңге қарастырылған. Жаңа оқу жылында әлеуметтік осал санаттағы 63 мың оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары беріледі.
"Мектепке жол" акциясы аясында демеушілердің көмегімен 18 мың балаға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар 185 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады", - деп жазылған хабарламада.
Шалғай елді мекендердегі оқушыларды тасымалдауға 3 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 29 мыңнан астам баланы тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Алматы облысында үш ауысымды оқытуды жою мақсатында соңғы төрт жылда 75 жаңа мектеп салынып, 6 мектепке қосымша жапсаржай салынды. Оның ішінде мемлекет қолдауының арқасында жалпы 24 900 орынға арналған 26 "Келешек мектебі" ашылды.
Сонымен қатар 10 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Тағы екі нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.