ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание Центральной избирательной комиссии
Заседание Центральной избирательной комиссии - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Жазылу
Сайлауға дайындық барысына жүргізілген бақылаудың аралық есебі жарияланды
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) байқаушылар миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық барысына жүргізілген бақылаудың аралық есебін жариялады.
"Миссия Орталық сайлау комиссиясының сайлау науқанын дайындау және өткізу бойынша жүйелі әрі жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті", — делінген ТМД Атқару комитетінің ресми сайтында жарияланған есепте.
Есепте сайлауды ұйымдастырушыларды оқытуға ерекше көңіл бөлініп отырғаны аталып өткен. Оқыту ОСК бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар барлық облыста, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ОСК мүшелері мен аппараты қызметкерлерінің қатысуымен сайлауға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша кеңейтілген семинар-кеңестер өткізілген.
Учаскелік комиссияларға дауыс беру күні жұмыс істеу тәртібін түсіндіретін фильм түсірілген.
Түпкілікті тұжырымдар мен бағалар сайлау өткеннен кейін қорытынды құжатта жарияланады.
Миссия өз жұмысын 2026 жылдың 3 тамызында бастады.
Astana LRT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Құрылтай сайлауы күні Астанадағы қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды
Жаңалықтар
0