сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Құрылтай сайлауы күні Астанадағы қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды

Astana LRT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Жазылу
Бұл тек қалалық бағыттарға ғана емес, сонымен қатар Tarlan Astana (LRT) жүйесіне де қатысты
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Құрылтай сайлауы күні Астанадағы қоғамдық көлік тегін болады деп хабарлады City Transportation System оператор компаниясы.

"23 тамызда, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау күні Астанадағы қоғамдық көлік тегін болады", - деп жазылған мәлімдемеде.

Тегін көлік келесі жағдайларда қолданылады:
Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
қалалық бағыттарда;
экспресс бағыттарда;
қала маңындағы бағыттарда.
"Бұл шара қоғамдық көліктің ыңғайлылығын қамтамасыз етуге және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыруға бағытталған", - дейді компанияда.
Компания жолаушылардан "сапарларын жоспарлаған кезде осы ақпаратты ескеруді" сұрады.
Құрылтай сайлауы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Құрылтай сайлауы: дауыс беретін учаскенің орналасқан жерін қайдан білуге болады
Жаңалықтар
0