Видео

Қарағанды облысындағы ауылда дала өрті тіркелді

© AP Photo / Achilleas ChirasТүркиядағы орман өрті
Түркиядағы орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Жазылу
Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша өрт аумағына аэровизуалды барлау жүргізілді
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысындағы ауылда алапат дала өрті болды.
ТЖМ мәліметінше, Жаңатоған ауылы маңында табиғи өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша өрт аумағына аэровизуалды барлау жүргізілді.
"Барлау нәтижесінде жаңа ашық жану ошақтары анықталған жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.
Тұрғындардың айтуынша, жалын бірнеше қыстау мен қысқа жиналған шөпті шарпыған. Желіде тараған ақпарат бойынша өрт сөндіруге қатысқан бір адамның денесінің 50%-ын күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.
Шахтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Абай облысындағы шахтада өрт шықты
Жаңалықтар
0