https://sputnik.kz/20260810/abay-oblysyndagy-orlov-shakhtasynda-ort-shyqty-65578974.html
Абай облысындағы шахтада өрт шықты
Абай облысындағы шахтада өрт шықты
Sputnik Қазақстан
Тексеру барысында түтін Monomatic бұрғылау қондырғысы орналасқан аумақта болғаны анықталды 10.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-10T11:10+0500
2026-08-10T11:10+0500
2026-08-10T15:10+0500
абай облысы
кен орыны
өрт
https://sputnik.kz/img/209/85/2098571_0:252:4416:2736_1920x0_80_0_0_346f66468ed3896480f80e7aa1e0e241.jpg
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Абай облысындағы KAZ Minerals шахталарында өрт болып, жұмысшылар шұғыл эвакуацияланды. Бұл туралы KAZ Minerals Тобының корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дюзкенев мәлімдеді.Бірінші оқиға 8 тамыз сағат 22:05-те Орлов шахтасының 10-шы кен қабатында болған.Түтіннің шығу ошағы жедел жойылды. Зардап шеккендер жоқ."Алайда бұрғылау қондырғысына зақым келді. Алдын ала мәлімет бойынша, түтіннің шығуына электр кабелінің зақымдануы себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда. Шахта қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", - дейді Ермек Дюзкенев.Ал екінші жағдай 9 тамызда сағат 12:00 шамасында Ақтоғайдағы №1 кен байыту фабрикасында болды."Жоғары қысымды білікті ұсатқыш учаскесіндегі жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары барысында өрт шықты. Өрттің бастапқы ошағы елеуіш аймағында болған. Бұл учаскедегі жұмыстарды мердігер ұйымның қызметкерлері жүргізген", - дейді компания өкілі.Зардап шеккендер жоқ, оның ішінде түтінге байланысты медициналық көмекке жүгінгендер тіркелмеген. Өндірістік учаскеден 20 адам эвакуацияланды.Өрт жедел түрде сөндірілді, қазіргі уақытта бықсу мен түтіндеу жоқ, дейді компанияда.Оқиғаны қазіргі уақытта комиссия тексеріп жатыр. Материалдық шығын анықталып жатыр.
https://sputnik.kz/20260703/abay-oblysynda-shakhtada-zhumysshylar-zardap-shekti-64656014.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/209/85/2098571_216:0:4200:2988_1920x0_80_0_0_0267ca2681f408830bccf409e0b8ea17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, кен орыны, өрт
абай облысы, кен орыны, өрт
Абай облысындағы шахтада өрт шықты
11:10 10.08.2026 (жаңартылды: 15:10 10.08.2026) Тексеру барысында түтін Monomatic бұрғылау қондырғысы орналасқан аумақта болғаны анықталды
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Абай облысындағы KAZ Minerals шахталарында өрт болып, жұмысшылар шұғыл эвакуацияланды. Бұл туралы KAZ Minerals Тобының корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дюзкенев мәлімдеді.
Бірінші оқиға 8 тамыз сағат 22:05-те Орлов шахтасының 10-шы кен қабатында болған.
"Тау-кен қазбаларын тексеру және түтіннің шығу көзін жою жұмыстарына тау-кен құтқару қызметі жұмылдырылды. Тексеру барысында түтін Monomatic бұрғылау қондырғысы орналасқан аумақта болғаны анықталды", - дейді Ермек Дюзкенев.
Түтіннің шығу ошағы жедел жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
"Алайда бұрғылау қондырғысына зақым келді. Алдын ала мәлімет бойынша, түтіннің шығуына электр кабелінің зақымдануы себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда. Шахта қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", - дейді Ермек Дюзкенев.
Ал екінші жағдай 9 тамызда сағат 12:00 шамасында Ақтоғайдағы №1 кен байыту фабрикасында болды.
"Жоғары қысымды білікті ұсатқыш учаскесіндегі жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары барысында өрт шықты. Өрттің бастапқы ошағы елеуіш аймағында болған. Бұл учаскедегі жұмыстарды мердігер ұйымның қызметкерлері жүргізген", - дейді компания өкілі.
Зардап шеккендер жоқ, оның ішінде түтінге байланысты медициналық көмекке жүгінгендер тіркелмеген. Өндірістік учаскеден 20 адам эвакуацияланды.
Өрт жедел түрде сөндірілді, қазіргі уақытта бықсу мен түтіндеу жоқ, дейді компанияда.
"Көршілес ғимараттарға, конвейерлерге және басқа да өндірістік учаскелерге қауіп төніп тұрған жоқ. Экологиялық салдарлар тіркелмеді", - дейді Ермек Дюзкенев.
Оқиғаны қазіргі уақытта комиссия тексеріп жатыр. Материалдық шығын анықталып жатыр.