Тоқаев "Шәмші Қалдаяқов" медалін енгізді

шамши калдаяков
шамши калдаяков - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2026
Жазылу
Сондай-ақ наградалар тізімі "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағымен толықты
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Елімізде наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағы пайда болады.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.
Оның айтуынша, мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді.
"Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады", - деп жазды Смадияров.
Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.
Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
Президент "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды
Жаңалықтар
0