Президент "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых Казахстана
Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы бүгінгі салтанатты жиында тағы бір жақсы жаңалықты жариялады
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күніне орай ғалымдарды марапаттау рәсімінде "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды, деп хабарлады Ақорда.
"Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше", - деп атап өтті Тоқаев.
Президенттің айтуынша, оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы.
"Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы "Әл-Фараби" орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
"Мейірім", "Қожа Ахмет Ясауи", "Әл-Фараби" ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады.
Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
Тоқаев Құрылтай сайлауы қашан өтетінін айтты
Жаңалықтар
0