https://sputnik.kz/20260410/quryltay-saylauy-tamyz-ayynda-otedi-62550697.html
Тоқаев Құрылтай сайлауы қашан өтетінін айтты
Тоқаев Құрылтай сайлауы қашан өтетінін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күніне орай ғалымдарды марапаттау... 10.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-10T13:17+0500
2026-04-10T13:17+0500
2026-04-10T13:24+0500
сайлау
қасым-жомарт тоқаев
парламент
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0a/62549822_0:73:1280:793_1920x0_80_0_0_4ebdfc05e16e7a8141a1c3e1b81adb20.jpg
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күніне орай ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санайтынын атап өтті.Президент мұны әдейі ерте айтып отырғанын мәлімдеді.Оның айтуынша Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай "қайта құруға" жол ашады."Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс. Мен мұның маңызы жөнінде бірнеше рет айттым", - деп түйіндеді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0a/62549822_63:0:1218:866_1920x0_80_0_0_8dd49344d90248d48277ebc298ce5c54.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау, қасым-жомарт тоқаев, парламент
сайлау, қасым-жомарт тоқаев, парламент
Тоқаев Құрылтай сайлауы қашан өтетінін айтты
13:17 10.04.2026 (жаңартылды: 13:24 10.04.2026) АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күніне орай ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санайтынын атап өтті.
"Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді", - деді ол.
Президент мұны әдейі ерте айтып отырғанын мәлімдеді.
"Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Оның айтуынша Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай "қайта құруға" жол ашады.
"Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс. Мен мұның маңызы жөнінде бірнеше рет айттым", - деп түйіндеді Тоқаев.