Сицилиядағы музейден Қайта өрлеу дәуірінде өмір сүрген суретшінің бірнеше туындысы ұрланды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуКвартирная кража
Квартирная кража - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2026
Жазылу
Ұрылар музейдің барлық қорғау жүйесін айналып өткен
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Сицилиядағы Мессина аймақтық музейінен (MuMe) Қайта өрлеу дәуірінде өмір сүрген Италия суретшісі Антонелло да Мессинаның төрт туындысы ұрланған. Бұл туралы музей директоры Мариза Меркурио мәлімдеді.
Оның айтуынша, ұрлық сенбі күні кешке болған. Қылмыскерлер дабыл жүйесі мен басқа да қорғау құралдарын айналып өтіп, көрме залдарына кірген. Олар 1473 жылға тиесілі "Әулие Григорий полиптихінің" ағаш бес тақтасының үшеуін, сондай-ақ Мариям ана мен Христос бейнеленген екіжақты иконды алып кеткен. Соңғы туынды арнайы қорғалған броньды сөреде тұрған.
"Біз есеңгіреп отырмыз. Бұл – музей, қала, қоғам және өнер әлемі үшін үлкен шығын", — деді Меркурио. Оның сөзін Corriere della Sera басылымы жариялады.
Музей директорының айтуынша, ұрланған туындылар Мессинаның "ең маңызды әрі танымал екі туындысының" қатарына жатады. Ол құқық қорғау органдары қылмыскерлерді ұстайды деп үміттенетінін жеткізді.
Музей  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2023
Алматы облысындағы музейде Бопай ханымның қылышы сақталған
Жаңалықтар
0