https://sputnik.kz/20230326/almaty-oblysyndagy-muzeyde-bopay-khanymnyn-qylyshy-saqtalgan-33261361.html
Алматы облысындағы музейде Бопай ханымның қылышы сақталған
Алматы облысындағы музейде Бопай ханымның қылышы сақталған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Алматы облысының Қарасай ауданында "Батыр бабалар" тарихи мемориалды музейі бар. Ерекше мұражайда қазақ батырлары мен қолбасшылары... 26.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-26T08:37+0500
2023-03-26T08:37+0500
2023-03-26T08:37+0500
музей
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1c/30711771_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_5f4a2e3f8ea7af28f709d6445bf59bcd.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Алматы облысының Қарасай ауданында "Батыр бабалар" тарихи мемориалды музейі бар. Ерекше мұражайда қазақ батырлары мен қолбасшылары туралы тарихи деректер мен жәдігерлер сақталған. Солардың қатарында Кенесары ханның қарындасы Бопай ханымның қылышын да көруге болады, деп хабарлайды "Хабар 24". Музей бір залдан, 3 экспонаттар бөлімінен тұрады. Қару-жарақ бөлімінде қазақ батырларының майдан даласында ұстаған соғыс қарулары бар. Қөлөнер шебері Дәулет Шоқпаров жасаған батыр сауытын, жүзі өткір айбалта мен сақетер қойылған. "Құнды жәдігерлердің бірі – 1845 жылы жасалынған Кенесары ханның қарындасы әйгілі Бопай ханым қылышы. Бұл қылыш 1845 жылы Санкт- Петербург қаласында әкелі балалы Николай Вильгельм Шафпен пен Людвиг Вильгельм Шафтың шеберханасында жасалған", - дейді "Батыр бабалар" мемориалды музейінің меңгерушісі Орынбасар Әлім.Бопай ханым Кенесарының барлық шайқастарына қатысады. Ол 600 сарбаздан тұратын ерекше топты басқарды. Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде патша әскерінің жасақтарына жорықтар жасайды. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып келе жатқан қылышты музейге Айдар Тастеміров табыстаған. Темірден соғылған қылыштың жалпы ұзындығы – 98 см. Жалпы, мәдени әрі рухани нысанда 150 ден астам тарихи құнды жәдігерлер сақталған. Ағайынды қолөнершілер Тұрсынжан, Махмұд, Айтберген Жетекұлдарының ағаштан, теріден, темірден жасаған бұйымдары мен қару-жарақтар мұндағы жәдігерлерді толықтырып тұр. Жыл сайын музей қызметкерлері тарихи экпедицияға барып, музей қорын жаңа экспонаттармен байытуды мақсат етеді.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1c/30711771_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_f1fca76208755ec0457e65deaf017d0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
музей, алматы облысы
Алматы облысындағы музейде Бопай ханымның қылышы сақталған
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Алматы облысының Қарасай ауданында "Батыр бабалар" тарихи мемориалды музейі бар. Ерекше мұражайда қазақ батырлары мен қолбасшылары туралы тарихи деректер мен жәдігерлер сақталған. Солардың қатарында Кенесары ханның қарындасы Бопай ханымның қылышын да көруге болады, деп хабарлайды
"Хабар 24". Музей бір залдан, 3 экспонаттар бөлімінен тұрады. Қару-жарақ бөлімінде қазақ батырларының майдан даласында ұстаған соғыс қарулары бар. Қөлөнер шебері Дәулет Шоқпаров жасаған батыр сауытын, жүзі өткір айбалта мен сақетер қойылған.
"Құнды жәдігерлердің бірі – 1845 жылы жасалынған Кенесары ханның қарындасы әйгілі Бопай ханым қылышы. Бұл қылыш 1845 жылы Санкт- Петербург қаласында әкелі балалы Николай Вильгельм Шафпен пен Людвиг Вильгельм Шафтың шеберханасында жасалған", - дейді "Батыр бабалар" мемориалды музейінің меңгерушісі Орынбасар Әлім.
Бопай ханым Кенесарының барлық шайқастарына қатысады. Ол 600 сарбаздан тұратын ерекше топты басқарды. Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде патша әскерінің жасақтарына жорықтар жасайды. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып келе жатқан қылышты музейге Айдар Тастеміров табыстаған. Темірден соғылған қылыштың жалпы ұзындығы – 98 см.
Жалпы, мәдени әрі рухани нысанда 150 ден астам тарихи құнды жәдігерлер сақталған. Ағайынды қолөнершілер Тұрсынжан, Махмұд, Айтберген Жетекұлдарының ағаштан, теріден, темірден жасаған бұйымдары мен қару-жарақтар мұндағы жәдігерлерді толықтырып тұр. Жыл сайын музей қызметкерлері тарихи экпедицияға барып, музей қорын жаңа экспонаттармен байытуды мақсат етеді.