Қостанайда әкесі мен қызы суға батып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевТонущий человек, иллюстративное фото
Тонущий человек, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2026
Жазылу
Әкесі жүзе алмайтынына қарамастан, қызын құтқаруға ұмтылған. Салдарынан екеуі де суға батып кеткен
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Қостанай облысында отбасылық демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды. Тобыл өзенінде ер адам мен оның кәмелетке толмаған қызы суға батып кетті, деп жазады Tobolinfo.
Басылымның жазуынша, қайғылы оқиға 13 тамызда Қостанай ауданындағы Нечаевка ауылының маңында болған.
Өңірлік ТЖД мәліметінше, ер адам бес баласымен бірге су жағасына барып, шомылуға арналмаған жерде суға түскен.

"Шомылу кезінде екі қыз суға бата бастаған. Олардың бірі өздігінен жағаға шығып үлгерген. Екінші қыз суда қалып қойған. Әкесі жүзе алмайтынына қарамастан, қызын құтқаруға ұмтылған. Салдарынан екеуі де суға батып кеткен", – делінген хабарламада.

Ағыс ер адам мен қыздың денесін алып кеткен. Құтқарушылар баланың денесін 13 тамыз күні кешке тапты. Ал ер адамның денесі келесі күні табылды.
Құтқарушы жабдығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Қапшағайда екі адам суға батып кетті: біреуі - құтқарушы
Жаңалықтар
0