Қапшағайда екі адам суға батып кетті: біреуі - құтқарушы

© Sputnik / Абзал КалиевҚұтқарушы жабдығы
Құтқарушы жабдығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жазылу
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қонаевтағы Қапшағай су қоймасында демалушы мен құтқарушы суға батып қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құтқарушы туралы қала әкімі Асхат Бердіханов әдеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Андрей Козятинскийдің әрекеті батылдықтың, жанқиярлықтың және адамның жоғары қадір-қасиетінің нақты үлгісі болды. Шешуші сәтте Андрей шетте қалмады және өзінің қауіпсіздігі туралы ойламай, қиыншылыққа тап болған адамға көмекке жүгірді. Мұндай таңдауды тек жүрегі үлкен және мінезі күшті адам жасай алады", - деп жазды әкім.
Қайғылы жағдай 22 шілдеде болған. Арнайы жабдықталған жерде шомылып жүрген 1998 жылғы ер адам суға батқан. Оған су жағалауындағы құтқарушы қызметінің қызметкері көмекке барған.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алайда қатты жел мен судың тереңдігі салдарынан екеуі де су астында қалған. Екеуінің де денесі судан шығарылып, полицияға табысталды.
Игрушка воде - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2026
Қазақстанда екі айда 70-ке жуық адам суға батып кетті
Жаңалықтар
0