https://sputnik.kz/20260727/qazaqstanda-eki-ayda-70-ke-zhuyq-adam-suga-batyp-ketti-65247015.html
Қазақстанда екі айда 70-ке жуық адам суға батып кетті
Қазақстанда екі айда 70-ке жуық адам суға батып кетті
Sputnik Қазақстан
Оның ішінде 24 бала бар 27.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-27T16:35+0500
2026-07-27T16:35+0500
2026-07-27T16:36+0500
бас прокуратура
шомылу маусымы
суға батты
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25657119_0:125:1280:845_1920x0_80_0_0_24a08f7e4891f9f00ba6eb81b99958f8.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанда 1 маусымнан бері су айдындарында 68 адам, оның ішінде 24 бала суға батып қаза тапты, деп хабарлайды Бас прокуратура.Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, суға шомылу маусымы басталғалы 68 адам қаза тапқан, оның 24-і бала. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 90 адам, оның ішінде 23 бала құтқарылды.Прокурорлар ішкі істер және төтенше жағдайлар органдарымен бірлесіп, су айдындарындағы жаппай демалыс орындарында рейдтер өткізіп жатыр.Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындап немесе қызмет көрсеткендер адамның денсаулығына зиян келген жағдайда 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді, болмаса бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.Ал баланың қауіпсіздігіне салғырт қараған ата-аналар әкімшілік жауапқа тартылады. Олар 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салудан бастап 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады.
https://sputnik.kz/20260712/aqmola-oblysynda-eki-zhasospirim-qyz-kolikpen-birge-suga-batyp-ketti--64853581.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25657119_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_54cf6020bff23a82f1cf1f6725c9b41d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, шомылу маусымы, суға батты
бас прокуратура, шомылу маусымы, суға батты
Қазақстанда екі айда 70-ке жуық адам суға батып кетті
16:35 27.07.2026 (жаңартылды: 16:36 27.07.2026) Оның ішінде 24 бала бар
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанда 1 маусымнан бері су айдындарында 68 адам, оның ішінде 24 бала суға батып қаза тапты, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, суға шомылу маусымы басталғалы 68 адам қаза тапқан, оның 24-і бала. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 90 адам, оның ішінде 23 бала құтқарылды.
Прокурорлар ішкі істер және төтенше жағдайлар органдарымен бірлесіп, су айдындарындағы жаппай демалыс орындарында рейдтер өткізіп жатыр.
"Азаматтарға жабдықталмаған жерлерде шомылу қауіпті екені көптеп ескертіліп жатыр. Мұндай орындарда құтқару бекеттері жоқ, су түбі тексерілмеген. Сондықтан төтенше жағдай туындаған кезде дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмай қалуы ықтимал", - дейді прокурорлар.
Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындап немесе қызмет көрсеткендер адамның денсаулығына зиян келген жағдайда 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді, болмаса бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Ал баланың қауіпсіздігіне салғырт қараған ата-аналар әкімшілік жауапқа тартылады. Олар 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салудан бастап 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады.