https://sputnik.kz/20260816/kaspiy-tenizinde-zhogalgan-ush-er-adam-qutqaryldy-65756691.html
Каспий теңізінде жоғалған үш ер адам құтқарылды
Каспий теңізінде жоғалған үш ер адам құтқарылды
Sputnik Қазақстан
Іздеу жұмыстары түнде де жалғасты 16.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-16T16:48+0500
2026-08-16T16:48+0500
2026-08-16T16:48+0500
маңғыстау облысы
каспий теңізі
https://sputnik.kz/img/497/08/4970801_0:219:4288:2631_1920x0_80_0_0_952e186b81854ec6445722a7e218baf6.jpg
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында үрлемелі қайықпен Каспий теңізіне шыққан үш ер адам құтқарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.Кеше кешке "112" пультіне Жаңаөзен қаласының үш тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Ер адамдар шамамен екі сағат бұрын "Кендірлі" демалыс базасы маңында үрлемелі қайықпен теңізге шыққан.Қалған екі ер адамды іздеу жұмыстары түнде де жалғасты. Іздеу жұмыстары қараңғы уақыт пен теңіз аумағының кең болуына байланысты қиындық тудырған. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын төрт секторға бөліп жүргізді.Жалпы, мамандар теңіздің 20 шақырымнан астам аумағын, ал әуеден 70 шақырымнан астам аумақты тексерген. Нәтижесінде қалған екі ер адам жағалаудан шамамен 10 шақырым қашықтықтан табылды. Үшеуінің де өміріне қауіп жоқ.
https://sputnik.kz/20260726/zhambyl-oblysynda-zhogalyp-ketken-malshy-tabyldy-65218909.html
маңғыстау облысы
каспий теңізі
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/497/08/4970801_246:0:4043:2848_1920x0_80_0_0_beb743744efa7f4c19e3ef96d8ce5476.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, каспий теңізі
маңғыстау облысы, каспий теңізі
Каспий теңізінде жоғалған үш ер адам құтқарылды
Іздеу жұмыстары түнде де жалғасты
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында үрлемелі қайықпен Каспий теңізіне шыққан үш ер адам құтқарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Кеше кешке "112" пультіне Жаңаөзен қаласының үш тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Ер адамдар шамамен екі сағат бұрын "Кендірлі" демалыс базасы маңында үрлемелі қайықпен теңізге шыққан.
"Іздеу барысында құтқарушылар ер адамдардың бірін өздігінен жағалауға қарай жүзіп келе жатқан жерінен тапқан. Ол бортқа көтеріліп, жағаға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Қалған екі ер адамды іздеу жұмыстары түнде де жалғасты. Іздеу жұмыстары қараңғы уақыт пен теңіз аумағының кең болуына байланысты қиындық тудырған. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын төрт секторға бөліп жүргізді.
Жалпы, мамандар теңіздің 20 шақырымнан астам аумағын, ал әуеден 70 шақырымнан астам аумақты тексерген. Нәтижесінде қалған екі ер адам жағалаудан шамамен 10 шақырым қашықтықтан табылды. Үшеуінің де өміріне қауіп жоқ.