Жамбыл облысында жоғалып кеткен малшы табылды

© Sputnik / Р. Мангасарян / Медиабанкке өтуМалшы, архивтегі фото
Малшы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2026
Жазылу
Оған медициналық көмек қажет болған жоқ
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында 2007 жылы туған жігіт мал жаюға шығып, үйіне оралмаған, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Іздестіру тобы жоғалған малшыны Үшбас ауылы маңындағы Көкбастау жайылымынан шамамен 15 шақырым жерден тапты.
"Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Медициналық көмек қажет болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары жұмылдырылды.
Іздестіру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинологиялық есептоп, спутниктік байланыс терминалдары және Starlink жүйесі қолданылды.
Қойлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Жамбыл облысында малшы 50 бас қойды жасырын сатып жіберген
Жаңалықтар
0