Қожанасыр туралы халықаралық жобаның түсірілімі аяқталуға жақын

© Photo : Скриншот видео министерства культуры и информации В Казахстане завершат съемки международного фильма о Молле Насреддине
В Казахстане завершат съемки международного фильма о Молле Насреддине - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2026
Жазылу
Фильмнің соңғы көріністері Алматы облысында, Алматы және Түркістан қалаларында, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында түсіріледі
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстанда Қожанасыр туралы халықаралық фильмнің түсірілім жұмыстарының соңғы кезеңі басталды аяқталып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Молла Насреддин: Друг тяжелых дней" атты тарихи көркем фильм алты елдің киногерлерін біріктіріп отыр. Бұған дейін түсірілім тобы Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанда жұмыс істеді. Фильмнің соңғы көріністері Алматы облысында, Алматы және Түркістан қалаларында, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында түсіріледі.
"Бұл фильм түркі елдерінің шығармашылық ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылып жатқан толықметражды көркем фильм. Туынды әйгілі фольклорлық кейіпкердің бейнесі арқылы түркі халықтарына ортақ мәдени құндылықтарды, дәстүрлер мен дүниетанымды танытады. Фильмде қазақ, әзербайжан, түрік, қырғыз, түрікмен және өзбек тілдері қолданылады", - дейді министрлік мамандары.
Фильмнің сценарий авторы әрі қоюшы режиссері – Әзербайжанның халық әртісі Вагиф Мұстафаев. Басты кейіпкер Қожанасырдың рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сағызбай Қарабалин сомдайды. Сондай-ақ, фильмге Қонысбек Бекайдаров, Оңдасын Бесікбасов және Ақерке Арыс түскен.
Айта кетері, жоба 2023 жылы Шуша қаласында өткен ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің 40-отырысында бастау алған.
Фестиваль Евразия Кинофест - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Қазақстандық фильм "Еуразия Кинофест" фестивалінің конкурстық бағдарламасына енді
Жаңалықтар
0