Қазақстандық фильм "Еуразия Кинофест" фестивалінің конкурстық бағдарламасына енді

© Photo : Фестиваль "Евразия Кинофест" Фестиваль "Евразия Кинофест"
Фестиваль Евразия Кинофест - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Жазылу
Биыл конкурстық бағдарламаға тек премьералық фильмдер кірген
АСТАНА, 17 маусым - Sputnik. 13-19 маусым аралығында Сочиде "Еуразия Кинофест" кинофестивалі өтіп жатыр.
Ауқымды шараға әлемнің 53 елінен 700-ден астам кинорежиссер келді. Көрермен назарына 100-ден астам премьера ұсынылады.
© Photo : Фестиваль "Евразия Кинофест" Фестиваль "Евразия Кинофест"
Фестиваль Евразия Кинофест - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Фестиваль "Евразия Кинофест"
Фестиваль аясында қысқаметражды фильмдер байқауы өтіп жатыр. Қазақстан режиссер Жанель Күжікпаеваның "Давай не будем спать?" туындысын ұсынды. Фильм 2025 жылы түсірілген, бұл әйелдердің көзқарасы арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас, ұлттық бірегейлік және ұрпақтар сабақтастығы тақырыбын зерттейтін нәзік авторлық драма.
Фестивальдегі қазылар алқасының құрамында қазақстандық актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлнара Досматова бар.
Байқауға қатысушылар тізімінде Ресейден, Оңтүстік Кореядан және басқа елдерден қысқа метражды фильмдер бар.
"Еуразия-Кинофест" халықаралық кино фестиваль президенті, продюсер Джаник Файзиевтің айтуынша, биыл конкурстық бағдарламаға тек премьералық фильмдер кірді.
© Photo : Международный фестиваль кино стран Евразии "Евразия-Кинофест"Открытие фестиваля "Евразия-Кинофест"
Открытие фестиваля Евразия-Кинофест - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Открытие фестиваля "Евразия-Кинофест"
"Еуразия" автономды коммерциялық емес ұйым шетелдік киножобаларды қолдаудың гранттық бағдарламасын орыс тілінде іске қосатынын жариялады.
"Біз жаңа фильмдер, жаңа атауларды көбірек әкелгенін қалаймыз. Бұл тек киноның дамуына ғана емес, бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіретін мәдени ортаны сақтауға қосқан үлес", - деді "Еуразия" автономды коммерциялық емес ұйымы қамқоршылар кеңесінің мүшесі Илан Шор.
Сочиде Еуразия-Кинофест Еуразия елдерінің екінші халықаралық кинофестивалі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2025
Сочиге "Еуразия-Кинофест" кинофестиваліне 26 елдің киногерлері келді
Жаңалықтар
0