Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и Шахбаз Шариф в Исламабаде, архивное фото
Касым-Жомарт Токаев и Шахбаз Шариф в Исламабаде, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Жазылу
Пәкістан үкіметі басшысының сапарының нақты күні туралы Токаевтың баспасөз қызметі хабарламады
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шарифті Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы жеделхатында орнықты даму жолында Пәкістанның айтарлықтай табысқа жеткеніне тоқталып, екіжақты және халықаралық күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұдайы бейіл екенін білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан президенті премьер-министр Шахбаз Шарифтің екі елдің өзара ықпалдастығына тың серпін беретін Астанаға мемлекеттік сапарына ерекше ден қойып отырғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардари мен Шахбаз Шарифтің жауапты қызметтеріне табыс, ал достас Пәкістан халқына құт-береке тіледі.
Ақтау теңіз порты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Пәкістан Қазақстан жүктері үшін порт инфрақұрылымын ұсынуға дайын
Жаңалықтар
0