Пәкістан Қазақстан жүктері үшін порт инфрақұрылымын ұсынуға дайын

© Photo : акимат Мангистауской области Ақтау теңіз порты
Ақтау теңіз порты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Жазылу
Исламабад сонымен қатар еркін экономикалық аймақтарда бірлескен жобаларды әзірлеуді ұсынды
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Пәкістан Карачи, Касим және Гвадар порттары арқылы Қазақстан жүктерінің транзитін қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді.
Бұл мәселені Қазақстан елшісі Ержан Кистафин мен Пәкістанның теңіз істері министрі Мұхаммед Джунаид Анвар Чаудхри талқылады.
Исламабад сонымен қатар еркін экономикалық аймақтарда бірлескен жобаларды әзірлеуді және порттар, кеме қатынасы және сауда рәсімдерін жеңілдету саласындағы ынтымақтастықты ұсынды.
Министрдің айтуынша, Пәкістан порттары Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдері үшін транзиттік хабқа айналуы мүмкін,. Бұл Парсы шығанағы, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Қазақстан әуе рейстері Дубайға Пәкістан арқылы ұшатын болды
Жаңалықтар
0