Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лавров: Путин Уиткофф пен Кушнерді қабылдауға дайын

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуМинистр иностранных дел РФ Сергей Лавров
Министр иностранных дел РФ Сергей Лавров  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Жазылу
Ресей және АҚШ президенттері 4 шілдеде Украинадағы жағдайды реттеу мәселесін телефон арқылы талқылаған болатын
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Егер АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Ресейге келсе, Ресей президенті Владимир Путин оларды тағы да қабылдауға дайын. Алайда олардың қандай ұсыныстармен келетіні маңызды, деп мәлімледі Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Біз олармен (Уиткоффпен және Кушнермен - ред.) сөйлесуден бас тартпаймыз. Егер олар келсе, Ресей президенті Владимир Владимирович Путин оларды тағы да қабылдауға дайын екенін біледі. Мәселе олардың қандай ұсыныспен келетініне байланысты", — деді Лавров "Вести" ақпараттық қызметіне берген сұхбатында.
Ресей тарапы АҚШ-та Уиткофф пен Кушнерге осындай сенім артылып отырса, "олардың АҚШ президентіне ықпалы бар және президент оларға сенеді" деген ұстанымда.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың 4 шілдеде Украинадағы жағдайды реттеу мәселесін телефон арқылы талқылағанын хабарлаған болатын. Америка басшысы Уиткофф пен Кушнердің қолайлы уақытта Мәскеуге баруға дайын екенін айтқан.
Кейін Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Уиткофф пен Кушнердің нақты жоспарлары айқындалған кезде Мәскеу олардың Ресейге сапарын жедел ұйымдастыратынын мәлімдеді.
АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф және Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Уиткофф пен Кушнер алдағы күндері Украинаға барады – АҚШ президенті
Жаңалықтар
0