https://sputnik.kz/20260814/kun-salqyndaydy-aldagy-ush-kunge-aua-rayy-bolzhamy-zhariyalandy-65714850.html
"Күн салқындайды": алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
"Күн салқындайды": алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды 14.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-14T15:00+0500
2026-08-14T15:00+0500
2026-08-14T15:00+0500
ауа райы болжамы
аптап ыстық
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52459924_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_a1bf85d2bcea135c5a57463a7534fb62.jpg
АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.15-17 тамыз күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.15 тамызда Қостанай облысында, 15-16 тамызда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 16 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.Бұдан бөлек, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман түседі.Солтүстікте күн салқындайдыАлдағы демалыс күндері Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы төмендейді. Түнде +15...+20 градустан +7...+12 градусқа дейін, ал күндіз +20...+30 градустан +15...+20 градусқа дейін салқындайды.Ақмола және Павлодар облыстарында түнгі ауа температурасы +15...+20 градустан +10...+15 градусқа дейін, күндіз +30...+35 градустан +17...+25 градусқа дейін төмендейді.Аптап ыстық қайтадыҚазақстанның орталық және шығыс өңірлерінде қатты ыстықтың беті қайтады. Алдағы күндері ауа температурасы +23...+33 градус болады.Оңтүстікте күндізгі ауа температурасы +38...+44 градустан +30...+37 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыста да осындай ауа райы болады.Батыста күндіз ауа температурасы +18...+26 градустан +25...+33 градусқа дейін көтерілсе, Ақтөбе облысында +20...+30 градус жылы болады.
https://sputnik.kz/20260805/tamyzda-birneshe-onirde-qurgaqshylyq-bolady---kazgidromet-65468529.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52459924_72:32:1167:853_1920x0_80_0_0_e47e287b44e1017ea679b07bf320faf5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы, аптап ыстық
ауа райы болжамы, аптап ыстық
"Күн салқындайды": алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
15-17 тамыз күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
15 тамызда Қостанай облысында, 15-16 тамызда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 16 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
"Тек еліміздің батысында және Қызылорда облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады", — дейді синоптиктер.
Бұдан бөлек, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстікте күн салқындайды
Алдағы демалыс күндері Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы төмендейді. Түнде +15...+20 градустан +7...+12 градусқа дейін, ал күндіз +20...+30 градустан +15...+20 градусқа дейін салқындайды.
Ақмола және Павлодар облыстарында түнгі ауа температурасы +15...+20 градустан +10...+15 градусқа дейін, күндіз +30...+35 градустан +17...+25 градусқа дейін төмендейді.
Қазақстанның орталық және шығыс өңірлерінде қатты ыстықтың беті қайтады. Алдағы күндері ауа температурасы +23...+33 градус болады.
Оңтүстікте күндізгі ауа температурасы +38...+44 градустан +30...+37 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыста да осындай ауа райы болады.
Батыста күндіз ауа температурасы +18...+26 градустан +25...+33 градусқа дейін көтерілсе, Ақтөбе облысында +20...+30 градус жылы болады.